ҚХЛ-2016  ЮНИОРЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – ТАҢДАУ ЖАСАЛДЫ!
24 Мамыр 2016

ҚХЛ-2016 ЮНИОРЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – ТАҢДАУ ЖАСАЛДЫ!

23 мамыр күні Мәскеуде юниорлар арасында Құрлықтық хоккей лигасы – 2016 жәрмеңкесі өтті. «Барыс» ХК бес хоккейшіге таңдау жасады:

Бірінші раунд

№12 Парук Садықов (Шабуылшы, «Барыс» ХК БЖСМ тәрбиеленушісі)

Өткен маусымда «Барыс-БХЛ» құрамы сапында 1998 ж.т. Ресейлік балалар командасы арасындағы біріншілікте «Сібір – Қиыр Шығыс» аймағында бас-аяғы 32 ойын өткізіп, 24 (16+8) ұпай жинаған.   

Екінші раунд

№44 Валерий Орехов (Қорғаушы, «Барыс» ХК БЖСМ тәрбиеленушісі)

Өткен маусымда «Барыс-БХЛ» құрамы сапында 1998 ж.т. Ресейлік балалар командасы арасындағы біріншілікте «Сібір – Қиыр Шығыс» аймағында бас-аяғы 21 ойын өткізіп, 7 (3+4) ұпай жинаған.   

Бұдан бөлек Минск қаласында жеткіншектер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында 5 ойын өткізіп, екі нәтижелі пас шығарып көзге түскен. 

Үшінші раунд

№74 Азиз Сейтанов (Шабуылшы, ЦСКА БЖСМ тәрбиеленушісі, Мәскеу қ.)

Өткен маусымда ЦСКА командасы сапында 1999 ж.т. балалар арасында Мәскеудің ашық чемпионатында өнер көрсеткен. Бас-аяғы 47 ойын өткізіп, 29 (22+7) ұпай жинаған.   

Төртінші раунд

№103 Самат Данияр (Қорғаушы, «Астана» ХК БЖСМ тәрбиеленушісі)

Өткен маусымда «Астана» ХК құрамында Қазақстанның жоғарғы лигасында ересектер арасында өнер көрсеткен. Бас-аяғы 37 ойын өткізіп, 4 (2+2) ұпай жинаған.

Бұдан бөлек Минск қаласында жеткіншектер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында 5 ойын өткізіп, шайба соғып көзге түскен

Бесінші раунд

№132 Саян Данияр (Шабуылшы, «Астана» ХК БЖСМ тәрбиеленушісі)

Өткен маусымда «Астана» ХК құрамында Қазақстанның жоғарғы лигасында ересектер арасында өнер көрсеткен. Бас-аяғы 50 ойын өткізіп, 9 (1+8) ұпай жинаған.

Бұдан бөлек сәуір айында Минск қаласында жеткіншектер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында 5 ойын өткізіп, 5 (4+1) ұпай жинаған. Команданың капитаны болған ол турнирдің үздік шабуылшысы атанған.  

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
18 фото
Barys
Nomad

World Cup. France - Kazakhstan

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері