Давыд Макуцкий: "Әлем чемпионаты-енді тарих, әрі қарай жылжу керек"
01 Ақпан 2019

Давыд Макуцкий: "Әлем чемпионаты-енді тарих, әрі қарай жылжу керек"

Павлодар хоккей клубының тәрбиеленушісі Давыд Макуцкий "Снежные Барсы" командасына ауысуы, әлемдік жастар чемпионаты және маусымның қалған бөлігіне қойылған мақсаттар туралы.

-Алдымен, "Снежные Барсы" командасына ауысуың туралы тоқталып өтсең?

-Шынымды айтсам, мұнда келетінім туралы ойламаппын. Біз Дима Митенковпен павлодарлық "Ертіспен" болатын маусымға дайындалып жүргенбіз, тіпті келісімшартқа қол қойғанбыз, бірақ жастар құрамасын нысаналаған байқау жиынына келуге шақырту  түсті, біз бару керек деп шештік. Сонымен Астанаға келдік, оған өте қуаныштымын. Бұл басқа деңгей, көп командалар, өзіңді көрсетуге және әрі қарай өсуге көбірек мүмкіндіктер. Павлодардағы басшылығыма рахмет, түсіністікпен қарап, мақтап, сәттілік тілеп шығарып салды, қайта ораламын деген ой болса, қуана қарсы алатындарын айтты.

-Өткен маусымда сен ҰЖХЛ кірген жергілікті "Мұнайшы" командасы үшін ойнадың, осы тәжірбиең туралы айтып берші?

-Бұл лигадағы деңгей сәл төмен, дегенмен айырмашылық тіпті көп деп айта алмас едім. Қалай болғанда да, жеке өзім үшін, біз негізінен 1997 жылы туған хоккейшілерден құралған командаларға қарсы ойнадық. Сондықтан ЖХЛ-на кірігіп кету маған соншалықты қиын бола қойған жоқ, дегенмен шындап дайындалдым.

-Кәсіби хоккейге келген Павлодардағы өткен жолың туралы сәл тоқталып өтсең?

-Барлығы да қарапайым мұзда сырғанаудан басталды, біз әкеміз екеуміз сырғанауға баратынбыз, кейіннен алғашқы бапкерім Ринат Нурахметов мені байқап қалып, жаттығуға шақырды. Отбасымда барлығы да бұл ойды құп көріп, маған да хоккеймен айналысқан ұнады, сонымен әрі қарай жалғасып кете берді. Бастапқыда бәрі де бірдей: әртүрлі жаттығулар және балалар турнирлері. 12 жастан бастап демеушіміз Шухрат Данбайдың қаржылық қолдауымен біз БЖСМ түлеп ұшқанша, әр жаз мезгілінде Чехияға турнирлер мен жиындарға барып жүрдік.  Біз онда тек ойнап және жаттығып қана қоймай, чехиялық бапкерлермен жұмыс істедік, тактиканы ұстануды үйрендік. Сондағы мені таңқалдырғаны, хоккейшілердің тұлғалы, денелі болғанына қарамастан тәртіп сақтап ойнайтындары болды. Тіпті өткен әлем чемпионатында Словакия құрамасы ең бойшаңдардың бірі болды, бірақ өте тәртіпті.

-Хоккейлік мансап жолыңдағы үш есте қаларлық сәттеріңді атап бере аласың ба?

-Соңғыларынан, бұл әрине Қазақстан жастар құрамасының қорытынды құрамасына келуім,   элиталық дивизиондағы әлем чемпионатының өзі және осы турнирдегі алғашқы шайбам. Екінші-ЖХЛ-ғы дебюттік шайбам (Нижнекамсктағы "Реактормен" болған бірінші матч). Үшінші жарқын сәт ол-туған қаламдағы "Ертіс" кәсіби командасы үшін ойындарға қосыла бастағаным.  

-Бірінші сәт туралы жан-жақтырақ тоқталсаң, Канадада әлем чемпионатында не көбірек есіңде қалды?

-Трибуналардың қолдауы шығар, дәл мұндайды ойын кезінде алғаш рет сезіндім. Ол жерде болғандардың бәрі растайды, бұл ғажап сезім. Әрине Канадада ойнаған құрамалардың жоғары деңгейі есте қалды, мен мұндай командаларға қарсы бұрын  ешқашан ойнаған емеспін.

-Ойындардың қайсысын жиі еске аласың?

-Финляндия құрамасына қарсы ең алғашқы ойын деп ойлаймын. Мұнда бәрі де болды: толқу да, күмәндану да, олардан және өзімізден  не күтетінімізді білмеу де, канадалықтардың қолдауы да. Ол кезде біз жақсы ойнадық деп ойлаймын, одан жақсырақ та ойнай алар едік, бірақ эмоциялар кейде шектен шығып кетіп жатты.

-Сендер Канадада бір ай тұрдыңдар, мұз айдыны әрбір үйдің ауласында дерлік бар екені рас па?

-Біз қала маңындаға шағын қалада тұрдық, онда тіпті төрт мұз айдыны бар мұз сарайы болды. Аулаларда не бар екенін айта алмаймын, аралап қыдыруға соншалықты уақыт та бола қойған жоқ. Бірақ адамдардың хоккей деп өмір сүретіндері көзге ұрып тұрады.

-Қазір, Канададағы эмоционалдық серпілістен соң ЖХЛ чемпионатына оралу оңай емес шығар?

-Сағаттық белдеуге соншалықты тез  оралу қиындау болды, Канададан келген бетте біз бірден сапарға шығып кеттік. Дегенмен, турнирлік кестедегі жағдай, сегіздіктегі орынға бәсекелестік тез қалыпқа келтірді. Әлем чемпионаты енді тарих бетінде, әрі қарай жылжу керек, ең бастысы жинағанымыздан айрылып қалмау, әрі қарай дамып, бұдан да жақсырақ болу.

-Соңғы матчтарда негізінен шайбамен тек бірінші бестік қана көзге түсіп жүр, бұрын басқша еді, не болды?

-Көздеуді бабына келтіру керек, оңтайлы сәттер жеткілікті, ал оларды іске асыру нашар, салқынқандылықпен және ұқыпты қарым-қатынаспен ойнау қажет.

-Осы хоккейлік жылдың қалған уақытына қандай жоспарларың бар?

-Қазір біз плей-оффтағы орын үшін таласып жатырмыз, ол жердегі бәсекелестік оңай емес, кестедегі он үшінші орын мен алтыншы орын арасын бар болғаны алты ұпай бөліп тұр. Сондықтан барынша жоғары көтерілу үшін қалған матчтарда жеңіске жетуіміз керек. Бізде бұл үшін барлығы бар, ең бастысы жұмыс және дұрыс пайдалану.

-Көңіл көншітерлік болуы үшін осы маусым қалай аяқталуы тиіс сен үшін?

-Бірінші-плей-оффқа өту, екінші-осы жол бойында команда үшін пайдалы болу, үшінші-финалға жетіп,Харламов Кубогын ұтып алу.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3