ДАМИР РЫСПАЕВ: «ҚХЛ КҮШ КӨРСЕТЕТІН ХОККЕЙШІЛЕРДІҢ СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛУЫ ӨТЕ ЖАҚСЫ»
30 Маусым 2016

ДАМИР РЫСПАЕВ: «ҚХЛ КҮШ КӨРСЕТЕТІН ХОККЕЙШІЛЕРДІҢ СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛУЫ ӨТЕ ЖАҚСЫ»

Қазіргі уақытта Қазақстан әскерінде отандық борышын өтеп жүрген «Барыс» клубының 21 жастағы күштік ойыншысы Дамир Рыспаев, Russia-Hockey.ru порталының бүгінгі қонағы.

- Дамир, қалай жағдайың?

- Республикамыздағы көптеген спортшылар қызмет ететін қазақстандық АОСК (ЦСКА) спорт ротасына мамыр айының соңында шақырылдым.  Алғашқы 35 күн көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Кеше Алматыда әскери Ант қабылдап, өз елімнің толыққанды азаматы, әрі қорғаушысы атандым.  

- Әскери қызметке келгеніңе өкінбейсің бе?

- Керісінше, мақтан тұтамын. Отан алдындағы борышымды өтеудемін. Оның үстіне әскерде күн сайын жаңа сынақтар күтіп тұрады.  32 градустық ыстықта жалпыәскери қорғаныш киімін киіп алып жүгірудің өзі неге тұрады. Осыдан кейін Андрей Викторовичтің алдында 15 келілік желеткені кие салып, мұзда жүгіру қиын емес  деп ойлаймын (күледі).

- «Барыстың» жиынына АОСК  сізді жібереді ме?

- Ондай келісім бар.Жаттығу лагерінде барынша күш салып, маусымды жақсы өткізуге тырысамын. «Барыс» плей-оффтағы орнына қайта шығуына  көмектесетін сәт келді.  

- Осы күндері Астанада «Барыс» жастарының лагері аяқталып жатқанын білесіз бе?  

- Ия, мүмкіндігімше ол туралы жігіттерден сұрап-біліп отырамын. Бапкерлер штабы жас ойыншыларға өздерін көрсетуге қосымша мүмкіндік беріп, негізгі құрамнан орын ашуы өте жақсы.  Осы ретте сенімді ақтауға барымызды саламыз.

- Жазды күні ҚХЛ 2015/16-маусымындағы сіздің барлық төбелесіңіздің ресми ролигін шығарғанын білесіз бе?

- Ия, кешкі саптан кейін сол роликті көру мүмкіндігін тапқан болатынмын. Ол туралы не айтуға болады?  Назар қойып, сенім артқан ҚХЛ мен «Барысқа» рахмет.  Біздің Лигада күш көрсететін хоккейшілердің сұранысқа ие және өздерін көрсете алатындығы өте жақсы. Осының барлығы жанкүйерлерге де қызықты сияқты. Қалай дегенмен де көрушілердің саны жағынан айтып тұрмын.  

- «Барыс» жігіттері құрлықтық чемпионат аясындағы алғашқы кездесуін «Сібір» командасымен өткізеді деп жүр. Осы ойыннан жаңа видео күтеуге бола ма?

- Сіздің нені меңзеп тұрғаныңызы түсіндім (күледі). Евгений Артюхиннің новосибирск клубымен келісімге келгені туралы жақында оқыған болатынмын. Демек, біздің жаңа кездесуіміз алыс емес. Әзірге АОСК дайындық жасап жатырмын. Айтпақшы, осында күштік жекпе-жектің шеберлері қызмет етуде. Олардан асқан спарринг қарсылас жоқ.

Футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатын қарайсыз ба?

- Меніңше қазір Еуропада футбол – ең бір атлетикалық спорт түрі емес-ау. Сылтауратып құлай кететін көріністер өте көп. Хоккейде барлығы басқаша. Біздегі спорт түрі қатаң!

- Сіздің пікіріңіз: Ресей құрамасы Еуро-2016 турнирінен неге шығып қалды?

- Шынын айтасам, бұл маған қойылатын сұрақ емес. Дегенмен жеке пікір айтуға болады. Алайда ешкімді ренжіткім келмейді. Сырттан қарағанда сіздердің құрамада біраз нәзік жігіттер  бар сияқты. Мамаев, Кокориндердің спорттық ынталары денені әшекейлеуге кетіп қалған ба дейсің? Мүмкін, жігіттер әскери өмір көріп,  біздің клубта жас жауынгерлер сабағынан өтсе қалай болады екен? Оларды «Барыста» күтетін боламыз!   

Дереккөз: Russia-Hockey.ru

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Барыс «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты