ДАМИР РЫСПАЕВ ХОККЕЙ КИІМ-КЕШЕГІН ӘСКЕРІ ФОРМАҒА АЛМАСТЫРДЫ
02 Маусым 2016

ДАМИР РЫСПАЕВ ХОККЕЙ КИІМ-КЕШЕГІН ӘСКЕРІ ФОРМАҒА АЛМАСТЫРДЫ

«Барыс» хоккей клубының ойыншысы Дамир Рыспаев әскер қатарына шақыртылды. Бүгінгі таңда ол ҚР ҚМ Алматы қаласындағы Орталық әскери спорт клубында ант қабылдауға дейін жауынгерлік курстан өтіп жатыр.

Хоккейші өміріндегі өзгеріс жайлы ҚР ҚМ Спорттық комитетінің баспасөз-хатшысы Светлана Кузнецоваға берген эксклюзивтік сұхбатында айтып берді.

- Дамир, әскерге барамын деп шешім қабылдауыңа не түрткі болды?

- Бірінші кезекте мен өз елімнің лайықты азаматы болғым келеді. Әскер қатарында болу әрбір жігіттің борышы. Мен үшін әскер – бұл тәртіп пен дүниетанымды кеңейтудегі өмірдің үлкен сабағы.

- «Барыс» басшылығы мен бапкерлері Сіздің шешіміңізді қалай қабылдады?

- Көптеген спортшылар әскери қызметке келгенде уақыт тапшылығын айтып, Отан алдындағы міндеттен айналып өтуге тырысады. Сондықтан әскерге барамын деген шешіміме клуб басшылығы таңырқағандай болды. Дегенмен шешіміме құрмет көрсетіп, түсіністікпен қарады.

- Күнделікті жаттығу жиынындағы тіршілік пен әскери өмірдің кестесінде айырмашылық қандай?

- Әскердегі кесте тәртіппен құрылған. Онда барлығы нақты уақытпен көрсетілген. Мен қазір әскери өмірге бейімделіп үлгердім.

- Бір аптаның ішінде әскерден не үйреніп үлгердіңіз?

- Біріншіден таңғы сағат 6-дан тұруды және 45 секундта жылдам киінуді үйрендім (күледі). Алғашында таңертең ерте тұрып жүгіру мен үшін үйреншікті болмаған еді. Алайда оған ағзам үйреніп кетті. Дәл мұндай жүктемелер спортшылар үшін ғана емес, кез келген жігіттің мінезді болуына ықпал етеді. Сондай-ақ біз жалпы әскери жарғы мен сапта тұру сабағын оқуға кірістік.

- Хоккей ойынында Сізді «тафгай» ретінде таниды. Ал мұз айдынынан тыс кезде Дамир Рыспаев қандай?

- Айдындағы мінезіме қарағанда өмірде сабырлымын. Барлық эмоция ойын кезінде болады. Ал былайғы тұрмыстық тіршілікте мен үлгілі ұл, жақсы бауырмын.

- Хоккейден тыс уақытта басқа не нәрсеге қызығушылығыңыз болады?

- Жаттығудан кейінгі бос уақытымда жекпе-жек спортымен айналысамын. Ол мұздағы ойында пайдасын береді. Мен ойынның қатаң түрін таңдадым. Сондықтан күнделікті дамып, спорттық қалпымды ұстап отыру керекпін.

- Ойын стиліңізді өзгерту ойыңызда бар ма?

- Мен өз ойынымның сапасын арттыру мақсатында жұмыс істеп жатырмын. Қазір мен «тафгай» ретінде өз командама көмек көрсетіп жүрмін. Алдағы уақытта гол соғатын ойыншы ретінде де өнер көрсететін болсам, өзім және команда үшін тіпті жақсы болар еді.

- Дамир, менің ендігі қоятын сауалыма тез жауап беріп көрсеңіз. Сіз адамдардың қандай қасиеттерін жақсы бағалайсыз?

- Шыншылдық пен жауапкершілік.

- Бойымдағы кемшілік деп нені айтар едіңіз?

- Адамдарға сеніп қала беру.

- Бағалы қасиетіңіз қандай?

- Мінез.

- Егер Сізге кішкентай балаға бір ғана кеңес беру мүмкіндігі берілген болса, онда оған не айтар едіңіз?

- Өмірінің әр сәтін қуанышпен өткізіп, өзіне ұнаған ісімен айналысса деймін.

- Сіз өзіңіз осы кеңеспен жүріп келесіз бе?

- Ия, маған өзімнің айналысып жүрген ісім ұнайды. Әрине, өмірде қиыншылықтар болады. Оның өзі адамды мықты болуға тәрбилейді.

- Өз жанкүйерлеріңізге не тілейсіз?

- Біріншіден, барлық жанкүйерлердің қолдау көрсеткеніне рахмет айтқым келеді. Алдағы маусымда оларды қуанту үшін қолдан келгенді аянбаймыз.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3