Даниядағы элиталық дивизионда өткен әлем чемпионатындағы бесінші матчта Қазақстан құрамасы Чехиядан келген қарсыластарына үлкен есеппен жеңілді. Бедел шайбасының авторы болып «Номадтың» шабуылшысы Вячеслав Колесников атанды.
Бүгінгі таңда қазақстандықтар өз активтерінде 3 баллға ие және В тобында жетінші орында тұр. Біздің команданың келесі қарсыласы АҚШ болады, жекпе-жек 18 мамырда өтеді.
Чехия – Қазақстан 8:1 (1:0, 3:0, 4:1)
1:0 – 05:19 – Странски (Беранек, Пирохта)
2:0 – 21:26 – Флек (Газда, Клапка)
3:0 – 32:19 – Странски (Шпачек Д., Шпачек М.)
4:0 – 37:04 – Червенка (Пастрняк, Крейчик)
5:0 – 41:06 – Клапка (Хайек)
5:1 – 47:36 – Колесников (Бреус, Муратов)
6:1 – 53:13 – Червенка (Пирохта, Пастрняк)
7:1 – 55:44 – Червенка (Нечас, Седлак)
8:1 – 59:22 – Клапка (Флек, Газда)
Қақпашылар: Веймелка – Амирбеков (Павленко, 41:06-60:00)
Фото - IIHF
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.