Чейз Приски Барыс сапына қосылды
07 Шілде 2026

Чейз Приски Барыс сапына қосылды

«Барыс» америкалық қорғаушы Чейз Прискимен келісімшартқа қол қойды. Біржақты келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген.

Қорғаушы кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Американың хоккей лигаларында өткізді. 2024 жыл Приски «Херши Беарс» сапында Колдер кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы алғанда, АХЛ-да 349 матчқа қатысып, 54 шайба соғып, 130 нәтижелі пас берді.

Өткен маусымда Чейз Новосібірдің «Сібір» клубының намысын қорғады. Плей-офф кезеңін қоса есептегенде, 54 матчта 24 (4+20) ұпай жинап, мұз айдынында орта есеппен 22 минут өткізді.


Чейз Приски

Туған күні: 1996 жыл 19 наурыз.

Амплуасы: қорғаушы.

Бойы: 183 см.

Салмағы: 85 кг.

Ойын таяғын ұстау бағыты: оң жақ.


«Барыстың» бас менеджері Леонид Метальников:

- Чейз Прискимен келісімшартқа қол қойғанымызға қуаныштымыз. Ол оң қолмен ойнайтын, шабуылға белсенді қосылатын, соққысы өте мықты әрі хоккейлік ойлау қабілеті жоғары қорғаушы. Чейз лиганың ерекшеліктерін жақсы біледі, шабуылды тиімді қолдай алады және ойынымызға артық құрамда сенімділік пен тактикалық мүмкіндіктерді арттыра түседі.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

chase.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
12 фото
Tomiris

Айсулу - Томирис