ДОСТАСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ АРТТЫРА ТҮСЕМІЗ
02 Қазан 2016

ДОСТАСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ АРТТЫРА ТҮСЕМІЗ

«Барыс» ойыншылары «Назарбаев университеті» студенттеріне қонаққа барды.

Оқуы орнының дәстүрі бойынша Брэндон Боченски, Найджел Доус, Роман Савченко және Дамир Рыспаев таныстыру экскурсиясы кезінде ЖОО кітапханасындағы фотосессияға қатысты.

Одан кейін хоккейшілер студенттер көкейіндегі сұрақтар жауап берді. Ең қызықты сауал қойған екі адам маусымдық абонетке ие болды. Одан бөлек «Барыстың» вице-президенті «Назарбаев университетіне» команданың 10-шы нөмірдегі атаулы ойын свитерін оқу орнының (2010) құрылған уақытына орайластырып сыйға тартты. Осы кездесуден ешкім құр алақан кеткен жоқ. Белгілі ойыншылардан барлығы қолтаңба алып, естелік суретке түсті.  

Хоккей клубы мен  ЖОО басшылығы арасында келісім бойынша оқытушылар мен студенттерге маусымдық атаулы абоненттерді 50% жеңілдікпен алу жағы ұйымдастырылатын болады. «Барыс» клубы осы сияқты кездесулерді Астана қаласындағы өзге де университеттерде жасауды жоспарлап отыр.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев