Бекетаев алдағы екі маусымда «Барыста» ойнайды
01 Шілде 2023

Бекетаев алдағы екі маусымда «Барыста» ойнайды

«Барыс» хоккей клубы Әділ Бекетаевпен келісімшарт жасасқаны туралы ресми мәлімдейді. Екі жақты келісімшарт екі маусымға, 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін шақталған.

Өткен жылы Әділ Бекетаев Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы толыққанды маусымын өткізді. Тұрақты маусымның 64 матчында ол 21 (3+18) ұпай еншілеп, команданың ең нәтижелі қорғаушысы атанды. Әр матчта мұз айдында орта есеппен 18 минут 41 секунд уақыт өткізген қорғаныс ойыншысы 68 күштік әдіс жасап, 93 соққыға тосқауыл болған.

Әділ Бекетаев элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік үш ойыншысының қатарына енді.

Вячеслав Белан, «Барыс» бас менеджері:

- Әділ - бойынан жақсы прогресс байқалатын қазақстандық қорғаушылардың бірі. Ол ҚХЛ өткен маусымында өзін жақсы қырынан көрсетті, әлем чемпионатында жақсы ойнады. Сондықтан оның командада қалуы біз үшін маңызды болды. Отадан кейін тез сауығып, жаңа маусымға жақсы дайындықпен келеді деп сенеміз.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Райли Уолш

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2