Bas Sport «Барыстың» ақпараттық серіктесі атанды
01 Қараша 2022

Bas Sport «Барыстың» ақпараттық серіктесі атанды

«Барыс» хоккей клубы және еліміздегі алғашқы қазақ тілді Bas Sport спорттық веб-сайты ақпараттық серіктестер атанды.

Bassport.kz жобасының басты мақсаты - қазақстандық және әлемдік спорттағы жаңалықтарды оқырманына мемлекеттік тілде жеткізу. Спорт әлеміндегі өзекті ақпараттардан басқа, сайтта танымал спорт шолушыларының аналитикалық мақалалары жарияланады. Портал халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрамаларға, отандық клубтарға және спортшыларға ақпараттық қолдау көрсетеді. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап, сайт осы маусымдағы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы «Барыс» клубы ойындарының тікелей трансляциясын көрсетеді.

- Bas Sport - елімізде бірегей жоба, - деді «Барыс» ХК маркетинг департаментінің директоры Арнур Әлшеров. - Біз Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік тілдегі спорттық интернет-ресурспен ынтымақтастық құрғанымызға қуаныштымыз. Бірлескен жұмысымыз хоккей төңірегіндегі ақпараттандыруды жаңа деңгейге көтере алатынына,  ал Bas Sport «Барыс» жайындағы жаңалықтарды кәсіби және объективті түрде жариялайтын сенімді серіктеске айналатынына сенімдімін.

- Еліміздің жетекші хоккей клубымен серіктес болғанымызға қуаныштымыз, - деді Bassport.kz сайтының Бас редакторы Жігер Азбергенов. - Біздің жоспарымызда мемлекеттік тілдегі материалдар санын көбейту.  Бұл тек жаңалықтар ғана емес, сонымен қатар сараптамалық, көлемді материалдар. Менің ойымша, осы серіктестіктің арқасында біз хоккей және жалпы спорт жанкүйерлерінің қатарын кеңейтеміз.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3