«Барыстың» 25 жылдық мерейтойына дейін санаулы күндер қалды. Командамыздың ойыншыларының жеке рекордтарын назарларыңызға ұсынамыз.
«Барыс» тарихындағы ең үздік сұрмерген және ассистент – Брэндон Боченски. Көп жылдар бойы команда капитаны болған ойыншы ҚХЛ-дағы 455 матчта 444 (179+265) ұпай еншілеген.
Найджел Доус – «Барыстың» үздік снайпері. Қазақстандық ұжым сапында өткізген 415 матчында Доус 217 шайба соқты.
Қазіргі таңда команданың екінші сұрмергені мен снайпері – Роман Старченко. Қазақстан хоккейінің аңызы «Барыс» құрамында 204 гол соғып, 194 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол – командада өткізген матчтар бойынша рекорд иесі (795).
Кевин Даллмэн – ҚХЛ тарихындағы үздік сұрмерген-қорғаушы. Жалпы, ол 431 ұпай олжалаған, оның 362-сі – «Барыс» жейдесінде.
Доус – Бойд – Боченски үштігі ҚХЛ тарихындағы ең нәтижелі бестіктер тізімінде екінші орында тұр (298 ойында 267 ұпай). Егер осы үштікке қорғаушылар Кевин Даллмэн мен Майк Ландинді қоссақ, нәтижелілігі үшін 283 ұпай еншілеген ҚХЛ екінші бестігі шығады.
Хенрик Карлссон – команда сапында өткізген матчтар (209) мен ойында бірде-бір шайба жібермей жеңіске жету көрсеткіші (21), жеңістер саны (104) бойынша «Барыс» рекордсмені. 2018/2019 жылдар маусымында шециялық қақпашы 176 минут 52 секунд бойы өз қақпасына шайба жібермеген, бұл да – клуб тарихындағы рекордтық серия.
ҚХЛ-да ойнаған «Барыстың» ең жас ойыншысы – Алдияр Нұрлан (17 жас 150 күн). Ең егде ойыншысы – Александр Корешков (41 жас 137 күн), оның үстіне ол 41 жасында (67 күн) гол соққан. Бұл рекорд әлі күнге дейін мызғыған жоқ.
Өткен маусымда Энтони Камара қатарынан жеті матчта шайба соғып, клуб жетістігін жаңартты.
Клуб тарихында соғылған ең жылдам дубль: Камил Крепс – 00:22.
Ең жылдам хет-трик: Брэндон Боченски – 15:30.
Жылдам соғылған төрт шайба: Алекс Грант – 23:33.
Оның үстіне Грнат – ҚХЛ тарихында қорғаушы жасаған алғашқы және жалғыз покердің авторы.
Матч басталған бойда соғылған жылдам шайбалар: (00:08) Брэндон Боченски мен Әлихан Әсетов.
Кезең басталған бойда соғылған жылдам шайба: (60:07) Найджел Доус.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.