Барыс Блинов Кубогындағы жарыс жолын аяқтады
25 Тамыз 2024

Барыс Блинов Кубогындағы жарыс жолын аяқтады

DSC_4179.jpg

Омбыда өткен Блинов Кубогы турниріндегі соңғы матчында «Барыс» «Локомотивпен» кездесті. Дамир Жафяров, Уэйд Эллисон мен Аңсар Шайхмедденов команданың ойынға арналған құрамына енген жоқ.

Матч барысында номиналды айдын иелері Владислав Логвин мен екі есе сан басымдығын жүзеге асырған Коннор Смиттің дәл соққыларының арқасында қос мәрте есепте алда болған. Ярославілік команда бұған Александр Радулов пен Максим Берёзкиннің шайбаларымен жауап қатты. Ал үшінші кезеңде астаналық команда бастапқы басымдығын сақтап қала алмады. Даниил Бут, Александр Полунин мен Павел Красковскийдің дәл соққылары «Локомотивтің» сенімді жеңіске қол жеткізіп, Блинов Кубогы турнирінде бірінші орын алуына көмектесті.

 «Барыс» - «Локомотив» 2:5 (0:0, 2:2, 0:3)

1:0 – 22:03 – Логвин (Симонов)

1:1 – 27:12 – Радулов (Бут)

2:1 – 31:55 – Смит (Колобов, Маклауд) СБШ +2

2:2 – 33:59 – Берёзкин (Радулов)

2:3 – 41:42 – Бут (Алексееев, Радулов)

2:4 – 45:12 – Полунин (Кирьянов)

2:5 – 49:39 – Красковский (Кирьянов, Полунин)

Қақпашылар: Никитин Вл. – Мельничук

«G Drive Арена». 757 көрермен

DSC_4237.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасының кестесі мен құрамы

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы