Барыс маусымның соңғы матчында Салават Юлаевтан жеңілді
22 Наурыз 2025

Барыс маусымның соңғы матчында Салават Юлаевтан жеңілді

DSC_0314.jpg

Маусымның соңғы матчында «Барыс» өз айдынында «Салават Юлаевты» қабылдады.

Александр Хмелевский мен Шелдон Ремпалдың дәл соққыларының арқасында уфалық команда ойынның алғашқы бөлігінде есепте көш бастады. Екінші кезеңде 20 жастағы Аслан Жүсіпбеков Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы шайбасын соқты. Осының арқасында «Барыс» ойын тізгінін өз қолына алған, алайда үзіліске дейін таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Ал үшінші жиырма минуттықта «Салават Юлаев» Джошуа Ливо мен Скотт Уилсонның көмегімен айдын иелерінің қақпасына тағы екі шайба соқты.

Тұрақты маусым қорытындысында Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері 35 ұпай олжалап, Шығыс Конференциясында 12-орын алды.

 «Барыс» - «Салават Юлаев»1:4 (0:2, 1:0, 0:2)

0:1 – 10:47 – Хмелевский (Ремпал)

0:2 – 17:04 – Ремпал (Хмелевский)

1:2 – 25:32 – Жүсіпбеков (Хохлов, Қайыржан)

1:3 – 50:12 – Ливо

1:4 – 55:41 – Уилсон (Тодд, Ливо) СБШ

Қақпашылар: Шестаков –Самонов (Вязовой, 40:00-60:00)

«БарысАрена».5799 көрермен

DSC_0273.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы бірқатар хоккейшілермен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Ильгиз Нуриев – Снежные Барсы командасының бас бапкері

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Маусым қорытындылары. Александр Перкин