Барыс Tabys қосымшасына Bitcoin-ETN қосу құрметіне сауда-саттықты бастады
28 Сәуір 2022

Барыс Tabys қосымшасына Bitcoin-ETN қосу құрметіне сауда-саттықты бастады

Қазақстандықтар бөлшек инвесторларға арналған Tabys мобильдік қосымшада ең жоғары сұранысқа ие цифрлық валюта – Биткойнге оңай қол жеткізе алды. 28 сәуірде Tabys-қа негізгі активі ProShares Bitcoin Strategy ETF («BITO») акциялары болып табылатын биржалық нота (ETN) қосылды. BITO – бұл АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясы (SEC) тіркеген және Bitcoin фьючерстеріне инвестициялайтын алғашқы және ең үлкен қор.

«Барыс» хоккей клубының ойыншылары Никита Михайлис, Валерий Орехов және Антон Сагадеев Tabys-қа Биткойн-ETN қосу құрметіне арналған сауда-саттықтың салтанатты ашылуын өткізді.

Анықтама

2020 жылы Astana International Exchange қолдауымен әзірленген Tabys мобильдік қосымшасының негізгі міндеті қазақстандықтар арасында бағалы қағаздарға инвестицияларды танымал ету, инвестициялау үшін барынша қарапайым құралды ұсыну және бөлшек инвесторлар санының өсуіне ықпал ету.

Tabys философиясы - бағалы қағаздардың әртараптандырылған қоржынына уақыт сынынан өткен ұзақ мерзімді инвестициялау стратегиясы. Әртараптандыру - құралдардың түрлі кластарына инвестиция салуды білдіреді: бағалы қағаздардың бір класы төмендеген кезде, екіншісі өсіп, осылайша шығындарды теңестіреді. Енді Tabys клиенттері қоржынға Bitcoin бағалы қағазын қосуға мүмкіндік алды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan