Барыс қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
24 Қыркүйек 2025

Барыс қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді


Jastar Ligasy тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» жасөспірімдер командасы өз айдынында «Ақтөбеге» қарсы кездесу өткізді.

Ойын толықтай астаналық ұжымның бақылауында өтті. Олар алғашқы кезеңнің өзінде қарсыластың қақпасына төрт жауапсыз шайба соқты. Кейін есеп айырмасы одан әрі ұлғайып, Андрей Шаяновтың ойыншылары қатарынан үшінші рет жеңіске жетті.

«Барыс» сапында Нурали Айтмагамбетов пен Леонид Шакенов дубль авторы атанса, Ансар Алдонғар, Алдияр Кабдуали, Никита Ломако, Темірлан Айболұлы және Данил Дронов бір-бірден көзге түсті. Амир Алпкарин үш мәрте голға пас берді. Ал қақпашы Арсений Кучковский 26 соққыны қайтарды.

«Барыс» -  «Ақтөбе» 9:1 (4:0, 4:1, 1:0)

1:0 -  08:23 -  Шакенов (Айтмагамбетов)

2:0 - 11:39 - Айтмагамбетов (Алпкарин, Шакенов)

3:0 - 12:05 -  Алдонгар

4:0 - 12:52 - Кабдуали (Турсынов, Корчагин)

5:0 - 20:52 -  Ломако (Алпкарин)

6:0 - 21:27 - Айболұлы (Кенжегали)

6:1 - 35:04 - Герасимов (Болат, Катасонов) АГ

7:1 - 36:05 - Дронов (Корчагин, Қабдуали)

8:1 -  36:56 - Шакенов (Алдонгар, Кубатаев)

9:1 - 59:53 - Айтмагамбетов (Ломако, Алпкарин) АГ

Қақпашылар: Кучковский-Шпигун (Осенин, 12:05-21:27).

 



DSC_7322 c.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

new-preview
Barys
Nomad

«Барыс» жүйесіндегі хоккейшілері әлем чемпионатында қалай ойын көрсетті

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IA. Қазақстан – Франция 2:1 Б