Барыс маусымдағы 40-шы жеңісіне жетті
12 Ақпан 2026

Барыс маусымдағы 40-шы жеңісіне жетті

Jastar Ligasy тұрақты чемпионатының соңғы турының алдында «Барыс» жастар командасы Түркістанда қонақта болды. «Тұранмен» өткен екі кездесу де елордалық ұжымның айқын басымдығымен өтті. Алғашқы ойында Нұралы Айтмағамбетов пен Леонид Шакенов дубль авторы атанса, Әлішер Аманғалиев серіктестеріне үш нәтижелі пас берді. Ал Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 15 соққының барлығын қайтарды.

«Тұран Тайгерс» - «Барыс» 0:10 (0:5, 0:4, 0:1)

0:1 - 03:43 - Ломако (Саттар, Шакенов)

0:2 - 10:27 - Церульников (Аманғалиев, Шакенов)

0:3 - 13:32 - Аманғалиев (Тілеубаев) АГ

0:4 - 18:05 - Саттар (Кенжеғали, Дронов)

0:5 - 19:12 - Айтмағамбетов

0:6 - 21:31 - Шакенов (Аманғалиев)

0:7 - 28:38 - Тілеубаев (Қабдуәлі, Айтмағамбетов) АГ

0:8 - 31:42 - Шакенов (Аманғалиев) АГ

0:9 - 37:33 - Айтмағамбетов (Қабдуәлі, Айболұлы)

0:10 - 56:46 - Алпкарин (Гафуров) АГ

Қақпашылар: Байдек (Мельников, 31:42-60:00) - Кучковский

999.jpg

Қайта өткен кездесуде «жолбарыстардың» қақпасына екі реттен Амир Алпкарин мен Тамерлан Тілеубаев шайба салды. Сонымен қатар елордалық ұжым лигада алғаш болып тұрақты чемпионатта 300 шайба межесінен асты. Мерейтойлық шайбаның авторы Әмірхан Шегебаев.

«Тұран Тайгерс» – «Барыс» 1:9 (1:5, 0:3, 0:1)

0:1 - 01:34 - Шакенов (Аманғалиев)

0:2 - 02:39 - Тілеубаев (Айтмағамбетов, Ломако) АГ

1:2 - 10:15 - Любченко (Гизатулин, Приморцев-Агеев)

1:3 - 13:01 - Қабдуәлі (Айтмағамбетов)

1:4 - 19:06 - Алпкарин

1:5 - 19:27 - Дронов (Сидоренко, Гафуров)

1:6 - 24:52 - Шегебаев (Шакенов) АГ

1:7 - 30:50 - Алпкарин (Кенжеғали)

1:8 - 32:01 - Айтмағамбетов (Шегебаев, Қабдуәлі)

1:9 - 54:48 - Тілеубаев (Алпкарин,Қабдуәлі)

Қақпашылар: Синдеев - Қуат

44 кездесуде «Барыс» 80 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Көш бастап тұрған «Карметтен» үш ұпайға қалып келеді, бірақ елордалық команданың екі ойыны бар. 14 және 15 ақпанда біздің ұжым Алматыда осы маусымдағы тұрақты чемпионат бағдарламасын қорытындылайды.

 777.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.

new-preview
12 фото
Nomad

PRO LIGASY финалының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

new-preview
Barys
Nomad

Номад – Қазақстанның үш дүркін чемпионы