«Барыс» маусымалды кездесулер бағдарламасын «Сібірге» қарсы ойынмен аяқтады.
Бапкерлік штабы төменгі үштіктер құрамына аздап өзгеріс енгізіп, Руслан Оспанов, Кирилл Ляпунов пен Максим Мухаметовты алаңға қосты. Қақпада Артём Шестаков ойнады.
Бұл жолы есеп тағы да екінші кезеңде ғана ашылды, бірақ алғашқы болып қонақтар көзге түсті. Андрей Яковлев шабуылда сәтті ойнады. Екі минуттан кейін «Барыс» артықшылықты тиімді пайдаланып, есепті теңестірді. Майкл Веккьоне шайбаны Мэйсон Мореллидің крюгіне жеткізіп, 11-нөмірлі ойыншы астаналықтар сапындағы алғашқы голын соқты. Ал кезең соңында Морелли дубль авторы атанды, Райли Уолштың соққысынан кейін қақпа алдындағы қарбаласта шайбаны дәл бағыттады.
Көп ұзамай Эмиль Галимовта «Барыс» сапындағы алғашқы голын соқты. Ол қарсыластың айып алаңының қақ ортасында бос қалып, шабуылды нәтижелі аяқтады. Үш минут қалғанда Иван Климович ойында шиеленісті қайта жандатқандай болды. Алайда алаң иелері қорғаныста сауатты ойнап, қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.
«Барыстың» тұрақты чемпионаттағы алғашқы ойыны 7 қыркүйекке жоспарланған. Бұл күні астаналықтар өз мұз айдынында өткен маусым финалисі – Челябинскінің «Тракторын» қабылдайды.
«Барыс» - «Сібір» 3:2 (0:0, 2:1, 1:1)
0:1 – 26:55 – Яковлев (Приски)
1:1 – 28:52 – Морелли (Веккьоне, Уолш) АГ
2:1 – 38:33 – Морелли (Уолш, Галимов) АГ
3:1 – 45:58 – Галимов (Масси, Веккьоне)
3:2 – 56:52 – Климович (Яковлев)
Қақпашылар: Шестаков – Доминг
«Барыс Арена». 1 641 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.