Барыс буллиттер сериясында тағы да жеңілді
28 Тамыз 2026

Барыс буллиттер сериясында тағы да жеңілді

«Барыс» Пучков атындағы Санкт-Петербург турниріндегі екінші кездесуін СКА-ВМФ командасына қарсы өткізді.

Елорда клубының жаттықтырушылар штабы бұл ойынға эксперименттік құрам шығарды. Кездесуге Хантер Шепард, Джейк Масси, Чейз Приски, Гарретт Пилон, Джастин Бэйли, Аркадий Шестаков және Кирилл Савицкий қатысқан жоқ. Ал Әлихан Әсетов осы маусымаралық кезеңде алғаш рет мұз айдынына шықты. Сонымен қатар құрамнан Кирилл Ляпунов, Абзал Әлібек және Батырлан Мұратов орын алды. Қақпаны Андрей Шутов қорғады.

Кездесудің алғашқы бөлігінде алаң иелері белсендірек көрінді. Дегенмен үзілістен кейін қауіпті сәтті «Барыс» жасады. Кирилл Панюков қақпа алдындағы тиімді позициядан соққы жасап, шайбаны маңдайшаға тигізді.

Кездесудің екінші кезеңінің ортасында астаналықтар есеп ашты. Артық құрамда ойнап жатқан «Барыс» сапында Кирилл Ляпунов Тайс Томпсонның соққысынан кейін қайтқан шайбаны бірден қақпаға бағыттап, командасын алға шығарды.

Бұдан кейін «Барыс» қатарынан үш рет айдыннан ойыншы шығартып алды. Кезең соңына қарай петерборлықтар есепті теңестірді. Никита Сураевтың соққысынан кейін шайба қақпаға жол тапты.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаған соң, кездесу буллиттер сериясына ұласты. Бұл жолы да «Барыс» сәтсіздікке ұшырады. Қақпаға Владислав Нурек тұрғанына қарамастан, шешуші буллитте СКА-ВМФ жеңіске жетті.

30 тамызда Михаил Кравец ойыншылары турнирдегі келесі кездесуін «Адмиралға» қарсы өткізеді. Ойын сағат 16:00-де басталады.


СКА-ВМФ – «Барыс» 2:1 Б (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 28:50 – Ляпунов (Томпсон, Дэй), АГ

1:1 – 39:47 – Сураев (Шевченко, Кабуш), АГ

2:1 – 65:00 – Казаков, Б


Қақпашылар: Попов – Шутов (Нурек, 65:00–65:00)


«СКА Арена». 169 көрермен

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» хоккей клубының серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры


DSC_5922.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Астана

new-preview
Барыс

Айтмағамбетовтің покері Барысқа елордалық дербиде жеңіс әкелді

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Астана