Барыс нәтижелі матчта Салават Юлаевқа есе жіберді
27 Қараша 2025

Барыс нәтижелі матчта Салават Юлаевқа есе жіберді

«Барыс» кезекті сырт алаңдағы ойын сериясын Уфада бастады. Астаналықтардың құрамында айтарлықтай өзгерістер болды. Сонымен қатар бапкерлік штаб төртінші құрамда Кирилл Панюковты алмастырған Роман Старченконы, сырқаттанған Джейк Массидің орнына Артём Королёвты ойынға қосты. Бастапқы шайба тасталған сәттен бастап қақпаны Андрей Шутов қорғады, ал маусымда алғаш рет Никита Бояркин бэкап ретінде тіркелді.

Алғашқы кезең қонақтардың пайдасына өтті. Әуелі Макс Уиллман әдемі үйлестірілген шабуылды сәтті аяқтады. Көп ұзамай Майкл Веккьоне қарсыластың қақпа алдындағы ыңғайлы мүмкіндігін  пайдаланып, өзінің бірінші соққысынан кейін шайбаны қақпаға бағыттады. Маусымдағы алғашқы нәтижелі пасын осы эпизодта Королёв жасады. «Салават Юлаев» артықшылықта жауап қайтарып, Девин Броссо Шутов қорғаған қақпаны алды.

Екінші кезеңде командалар тек артықшылықта гол соқты. Райли Уолштың дәл соққысын Шелдон Ремпал мен Джек Родуолдтың шайбалары толықтырды. Қорытынды период уфалықтардың басымдығымен өтті. Олар төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. «Барыс» сапында Уиллман дубль авторы атанды. 29 қараша күні Михаил Кравецтің ойыншылары Магнитогорскіде «Металлургпен» кездеседі.

«Салават Юлаев» - «Барыс» 7:4 (1:2, 2:1, 4:1)

0:1 – 11:22 – Уиллман (Томпсон, Логвин)

0:2 – 13:02 – Веккьоне (Бреус, Королёв)

1:2 – 17:02 – Броссо (Ремпал, Жаровский) АГ

1:3 – 27:04 – Уолш (Веккьоне, Симонов) АГ

2:3 – 29:00 – Ремпал (Стюарт, Родуолд) АГ

3:3 – 33:18 – Родуолд (Ремпал, Стюарт) АГ

4:3 – 40:33 – Хохлачёв (Стюарт, Родуолд)

4:4 – 43:40 – Уиллман (Логвин)

5:4 – 44:56 – Ремпал (Пименов)

6:4 – 57:19 – Пименов (Сучков)

7:4 – 58:11 – Броссо БҚ

Қақпашылар: Вязовой - Шутов

«Уфа Арена». 8 522 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

SY__1218.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номад бірқатар ойыншыға квалификациялық ұсыныстар жасады

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Дмитрий Бреус

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы