Барыс овертаймда минскілік Динамоға есе жіберді
22 Қыркүйек 2025

Барыс овертаймда минскілік Динамоға есе жіберді

«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы сериясын Минскіде аяқтады. Құрамдағы өзгерістер аз болды – үшінші шабуылда Батырлан Муратов Максим Мухаметовты алмастырды.

60 минут бойы ойынның басымдығы түгелдей «Динамо» жағында болды. Дегенмен қонақтар көп бөлігінде, соның ішінде аз құрамда ойнаған сәттерінде де, табанды қорғана білді. Ақырында, жеңімпаз овертайм соңында анықталды, екі ұпайды минскіліктерге Сэм Энэс сыйлады. 25 қыркүйекте Михаил Кравецтің ойыншылары өз мұз айдынында «Ақ Барсты» қабылдайды.

«Динамо» Минск – «Барыс» 1:0 ОТ (0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 63:06 – Энэс (Лимож, Брук)

Қақпашылар: Фукале – Шутов

«Минск-Арена». 15 086 көрермен

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


0P4A8738.JPG


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Номад - Құлагер матчының екінші ойыны қарсаңында

new-preview
15 фото
Nomad

Номад - Кулагер

new-preview
Nomad

Номад қатарынан 10-шы жеңісіне қол жеткізді