«Барыс» қысқа сырт алаңдағы ойын сериясын Сочиде аяқтады. Ярославльдегі жеңістен кейін астаналықтардың құрамы өзгермеді.
Кездесудің сегізінші минутында алаң иелері есеп ашты. Жан-Кристоф Боден оң жақ шеңберден жасаған дәл соққысымен Адам Шилдың «құрғақ» сериясын 75 минут 4 секундта тоқтатты. «Барыс» Тайс Томпсонның шабуылы кезінде гол соғуға мүмкіндік алғанымен, шайба қақпа бағанасына тиді. Ойын жағдайы Әділ Бекетаевқа берілген бес минуттық айыпқа байланысты одан әрі қиындай түсуі мүмкін еді. Бірақ астаналықтар берілмеді, алайда сол эпизодта Кирилл Савицкий жарақат алып, мұз айдыннан кетті.
Қорғаныстағы сәтті ойыннан кейін қонақтар бастаманы өз қолына алып, екінші үзіліске дейін есепті теңестірді. Кирилл Панюков Томпсонның қақпа артынан берген тамаша пасын нәтижелі голға айналдырды. Соңында «Барыстың» 9-нөмірлі ойыншысы шын мәнінде матчтың қаһарманына айналып, өз командасына овертаймдағы жеңісті сыйлады.
Михаил Кравец ойыншылары 21 қарашада Астанада «Салават Юлаевты» қабылдайды.
«Сочи» - «Барыс» 1:2 (1:0, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 – 07:41 – Боден (Сероух)
1:1 – 36:58 – Панюков (Томпсон, Уолш)
1:2 – 61:35 – Томпсон
Қақпашылар: Щетилин - Шутов
«Большой» Спорт сарайы. 3 228 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.