Пучков атындағы турнирдің қорытынды матчында «Барыс» «Адмиралмен» кездесті. Астаналықтардың құрамына Хантер Шепард, Гарретт Пилон, Джастин Бэйли, Джейк Масси, Чейз Приски және Кирилл Савицкий қайта оралды.
Ойынның алғашқы бөлігінде командалар төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Иван Муранов пен Дмитрий Завгороднийдің голдарына «Барыс» Дінмұхамед Қайыржан мен Семён Симоновтың шайбаларымен жауап берді. Айта кетейік, матчтың басында-ақ «Барыс» ойыншысы Асанәлі Сәркенов үшін ойын уақытынан бұрын аяқталды. Ол жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады.
Екінші кезеңде де голдар легі жалғасты. «Адмирал» сапында Александр Волков пен Иван Муранов мергендер тізімін толықтырды. Қазақстандық команда құрамында Әлихан Өмірбеков пен Джастин Бэйли гол соқты. Бэйли үшін бұл «Барыс» сапындағы алғашқы нәтижелі соққысы.
Үшінші кезеңде қарсыластар тағы да бір-бірінің қақпасын дәл көздеді. Өмірбеков дубль жасады. Ал овертаймда қазақстандық командаға жеңісті Чейз Приски сыйлады.
Осылайша, Михаил Кравец ойыншылары турнир қорытындысы бойынша 4 ұпай жинады.
«Барыс» – «Адмирал» 6:5 ОТ (2:2, 2:2, 1:1, 1:0)
1:0 – 02:55 – Қайыржан (Томпсон, Өмірбеков)
1:1 – 05:17 – Муранов (Волков)
1:2 – 15:48 – Завгородний (Шулак, Камара) АГ
2:2 – 16:18 – Симонов (Логвин, Данияр)
2:3 – 22:06 – Волков (Булавчук, Муранов)
3:3 – 35:21 – Өмірбеков (Симонов, Дэй)
4:3 – 36:38 – Бэйли (Пилон, Оразов)
4:4 – 39:42 – Муранов (Дарьин, Морозов) АГ
4:5 – 44:09 – Камара (Шулак, Завгородний) АГ
5:5 – 56:21 – Өмірбеков (Қайыржан, Томпсон)
6:5 – 60:26 – Приски (Пилон, Шепард)
Қақпашылар: Шепард – Кульбаков
«СКА Арена». 767 көрермен
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.