Барыс Авангардты сенімді жеңді
10 Қазан 2026

Барыс Авангардты сенімді жеңді

«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы ойындарын өз айдынында «Авангардқа» қарсы кездесумен жалғастырды. Астаналық команданың жаттықтырушылар штабы «Спартакпен» өткен матчтан кейін құрамды өзгертпей, тек үздік төрт қорғаушының арасындағы ойыншылардың орнын ауыстырды.

Кездесу жоғары қарқынмен басталып, екі команда да қарсылас қақпасы маңында қауіпті сәттерді көп туғызды. Бірінші кезеңде тараптар бір-бір шайбадан соқты. «Авангард» сапынан Наиль Якупов басымдықты пайдаланып, есеп ашты. Алайда Всеволод Логвиннің соққысынан кейін қайтқан шайбаны Тайс Томпсон қақпаға дәл бағыттап, таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің басында Джастин Бэйли өзіне тән мәнерде қарсылас қорғанысын бұзып өтіп, «Барысты» алға шығарды. Кезең аяқталар тұста Логан Дэйдің соққысынан кейін Мэйсон Морелли шайбаның бағытын өзгертіп, астаналықтардың басым құрамдағы мүмкіндігін сәтті пайдаланды.

Үшінші кезеңде «Барыс» есеп айырмасын ұлғайтты. Әдемі өрілген шабуыл комбинациясы нәтижесінде Джастин Бэйли шайбаға соңғы болып тиіп, маусымдағы оныншы голын соқты. Ал кездесудің нүктесін Тайс Томпсон бос қақпаға шайба енгізу арқылы қойды.

«Барыстың» қақпашысы Андрей Шутов матч барысында 41 соққыға тосқауыл болды.

12 қазанда Михаил Кравец ойыншылары өз айдынында «Сібір» командасын қабылдайды.

«Барыс» - «Авангард» 5:1 (1:1, 2:0, 2:0)

0:1 - 04:06 - Якупов (Чистяков, Рашевский) АГ

1:1 - 08:12 - Томпсон (Логвин, Приски)

2:1 - 23:51 - Бэйли (Данияр, Дэй)

3:1 - 36:02 - Морелли (Дэй, Симонов) АГ

4:1 - 43:19 - Бэйли (Данияр, Пилон)

5:1 - 56:44 - Томпсон (Симонов, Морелли) БҚ 

Қақпашылар: Шутов - Серебряков

«Барыс Арена» 11 437.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.

DSC_9289.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы