«Барыс» сырт алаңдағы ойындарды Омбыда жалғастырды. Қонақтардың бапкерлер штабы құрамды өзгертіп, ойынға Руслан Оспанов пен Тамирлан Гайтамировты қосты. Бұл жолы астаналықтар маусымда алғаш рет 11 шабуылшы және төрт толыққанды қорғаныс жұбымен шықты. Қақпаны Адам Шил қорғады.
Алғашқы кезең толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. «Барыс» 14 жарым минут бойы сәтті қорғанғанымен, үзіліске дейін омбылықтар есеп ашты – Константин Окулов дубль авторы атанды. Екінші кезеңде астаналықтар ойынның қарқынын өз пайдасына бұрғанымен, көптеген мүмкіндіктердің біреуін ғана голға айналдыра алды – Мэйсон Морелли қақпаны әдемі соққымен дәл көздеді. Ал «Авангард» өз сәттерін тиімді пайдаланып, Дмитрий Рашевский мен артықшылықта ойнап Дамир Шарипзянов бір-бір голдан соқты. Төртінші шайбадан кейін қақпаға Андрей Шутов шықты.
Соңғы кезеңде «Барыс» тағы да мінез көрсетіп, есеп айырмасын азайтты. Морелли дубль жасап, Кирилл Савицкий бір шайба соқты. Алайда бұл жеңілістен құтылуға жеткіліксіз болды. 31 қазан күні Михаил Кравецтің ойыншылары Челябинскіде «Трактормен» кездеседі.
«Авангард» - «Барыс» 4:3 (2:0, 2:1, 0:2)
1:0 – 14:31 – Окулов (Чеккони, Рашевский)
2:0 – 19:54 – Окулов (Игумнов, Чеккони)
3:0 – 27:16 – Рашевский (Шарипзянов, Потуральски)
3:1 – 27:37 – Морелли (Веккьоне, Симонов)
4:1 – 32:11 – Шарипзянов (Окулов, Потуральски) АГ
4:2 – 54:46 – Морелли (Масси, Уолш)
4:3 – 55:21 – Савицкий (Логвин)
Қақпашылар: Серебряков – Шил (Шутов, 32:11–60:00)
«G-Drive Арена». 12 011 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.