Астаналық клуб сырт алаңдағы тоғыз матчтан тұратын сериясын Екатеринбургте жалғастырды. «Барыстың» ойын құрамына Дінмұхамед Қайыржан, Әділ Бекетаев және 13-шабуылшы ретінде өтінімге енгізілген Абзал Әлібек оралды.
Кездесудің алғашқы бөлігінде алаң иелері басымдық танытып, Максим Тарасов пен Даниэль Спронгтың дәл соққыларының арқасында екі шайба соқты. Екінші кезеңде «Барыс» бастаманы өз қолына алып, Джейк Массидің көк сызықтан жасаған дәл соққысынан кейін Евгений Аликин қорғаған қақпаның осал тұсын тапты. Алайда бұған дейін Хантер Шепардтың қақпасына үшінші шайба соғылған еді. Сан басымдығын пайдаланған Роман Горбунов көзге түсті. Қорытынды кезеңде Джордан Гросс матчтың соңғы нүктесін қойды.
28 қазанда Михаил Кравецтің ойыншылары Минскіде «Динамоға» қарсы ойнайды.«Автомобилист» - «Барыс» 4:1 (2:0, 1:1, 1:0)
1:0 - 12:48 - Тарасов (Каштанов, Денежкин)
2:0 - 14:17 - Спронг (Клэг, Юдин)
3:0 - 21:03 - Горбунов (Кадейкин, Гросс) АГ
3:1 - 39:05 - Масси (Пилон, Приски)
4:1 - 46:30 - Гросс (Голышев, Карпухин)
Қақпашылар: Аликин - Шепард
«УГМК Арена», Екатеринбург. Көрермен саны - 9836.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.