«Барыс» Челябинскіде тоғыз матчқа созылған сырт алаңдағы ойындар сериясын жалғастырды. Астаналық команданың құрамына Всеволод Логвин оралды. Ол 13-шабуылшы ретінде тіркелді.
Кездесудің алғашқы кезеңінде «Трактор» ойыншылары белсендірек қимылдап, Андрей Шутов қорғаған қақпаға дәл бағытта 17 соққы жасады. Алайда бірінші үзіліске командалар есеп ашпай кетті. Екінші кезеңде де шайба соғылған жоқ.
Шешуші кезеңде алаң иелері есеп ашты. Нэйтан Легаре ыңғайсыз қолмен соққы жасап, командасын алға шығарды. Араға аз уақыт салып Андрей Светлаков басымдықты жүзеге асырды. «Барыс» қосарланған сан басымдығын пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты. Мэйсон Морелли мергендік танытты.
Кездесудің соңғы минуттарында астаналықтар қарсылас қақпасына толассыз шабуыл жасағанымен, ойынды овертаймға жеткізе алмады.
6 қарашада Михаил Кравец ойыншылары Владивостокта «Адмиралмен» кездеседі.
«Трактор» - «Барыс» 2:1 (0:0, 0:0, 2:1)
1:0 - 45:11 - Легаре (Рольгизер)
2:0 - 46:03 - Светлаков (Григоренко, Дронов) АГ
2:1 - 55:58 - Морелли (Приски, Бэйли) АГ
Қақпашылар: Николаев - Шутов
«Трактор» аренасы. 7 500 көрермен
«Барыс» хоккей клубының бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.