«Барыс» сырт айдындағы қысқа матчтар сериясын Череповецте бастады. Аңсар Шайхмедденов пен Руслан Оспанов төртінші бестіктегі Всеволод Логвин мен Станислав Бочаровтың орнын басты.
Алғашқы ауысымдардың бірінде-ақ шайба Андрей Шутов қақпасынан табылуы мүмкін еді. Ойын сәттерінің бірінде шайба астаналық команда қақпашысының арқасында болған, алайдв Илья Хохлов дер кезінде көмекке келді. Сәлден соң «Барыс» өткір қарымта шабуыл ұйымдастырып, айдын иелері ереже бұзды. Алайда бұл жағдай «Северстальге» пайдасын тигізді. Александр Скоренов кем құрамда есеп ашты.
Екінші кезеңде айдын иелері шайбаны бақылауында ұстап, кез келген позициядан соққы жасауды жалғастыра берді. Шутов бір ғана сәтте қақпасына шайба жіберіп, Скоренов дубль авторы атанды. Кезең чоңына қарай астаналықтар есеп айырмасын қысқартты. Кем құрамдағы ойын кезінде қақпашымен бетпе-бет шыққан Әлихан Әсетов өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.
Ойынның қорытынды бөлігінде Никита Коростелев пен Кирилл Пилипенконың шайбалары «Северстальге» есепте сенімділікті сезінуге мүмкіндік берген. Алайда қазақстандықтар берілмей, матчтағы шиеленісті арттыра түсті. Антон Бурдасов алдымен артық құрамда гол соқса, артынша тең құрамда дубль жасады. Алайда астаналық команда есепті теңестіре алмады. Ауысым кезіндегі қателіктен кейін айдын иелері тағы да сан басымдығын жүзеге асырып, Скоренов бос қақпаны дәл көздеп, хет-трик авторы атанды.
8 желтоқсанда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері сырт айдында СКА-мен кездеседі.
«Северсталь» - «Барыс» 5:3 (1:0, 1:1, 3:2)
1:0 – 09:10 – Скоренов КҚШ
2:0 – 26:37 – Скоренов (Муханов, Абросимов) СБШ
2:1 – 38:58 – Әсетов (Николишин) КҚШ
3:1 – 45:29 – Коростелёв (Пилипенко, Аймурзин) СБШ
4:1 – 48:28 – Пилипенко (Калдис)
4:2 – 49:04 – Бурдасов (Николишин, Бекетаев) СБШ
4:3 – 56:20 – Бурдасов (Әсетов)
Қақпашылар: Шостак – Шутов
«Ледовый Дворец». 5023 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.