Барыс Салаватқа есе жіберді
05 Қараша 2025

Барыс Салаватқа есе жіберді

Үйдегі серияның екінші матчында «Барыс» «Салават Юлаевты» қабылдады.

Астаналықтар кездесудің алғашқы бөлігінде ойын басымдығына ие болды, алайда екі рет қатарынан алған айып минуттары алаң иелерін біраз уақыт қорғанысқа көңіл бөлуге мәжбүр етті. Азшылықта ойнаған «Барыс» қақпасын аман сақтап тұрды, бірақ үзіліске 36 секунд қалғанда уфалықтар қарсыластың қателігін пайдаланды – есепті Девин Броссо ашты. Қонақтардың табысын Александр Жаровский еселей түсті, ол ойынның тең жартысында көзге түсті.

Алаң иелерін ойынға қайтарған Дінмұхамед Қайыржанның соққан шайбасы болды, бірақ «Барыс» ойыншылары бұдан артық нәтиже көрсете алмады. 7 қараша күні Михаил Кравецтің ойыншылары өз мұз айдынында «Автомобилистті» қабылдайды.

«Барыс» – «Салават Юлаев» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)

0:1 – 19:24 – Броссо (Кулик, Калинюк)

0:2 – 29:04 – Жаровский (Горшков, Сучков)

1:2 – 52:40 – Қайыржан (Томпсон)

Қақпашылар: Шутов – Вязовой

«Барыс Арена». 5 418 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_2305.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі