Барыс Металлургке есе жіберді
18 Қыркүйек 2025

Барыс Металлургке есе жіберді

«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы сериясын Магнитогорскіде бастады. «Динамоны» өз алаңында жеңгеннен кейін астаналықтардың құрамы өзгерген жоқ.

Қонақтар кездесудің алғашқы минуттарын жаман бастамады, алайда кейін қарсыластың аймағында екі рет ереже бұзып, бастаманы қолдан шығарып алды. Сол сәттердің бірінде Андрей Шутовты Роман Канцеров қапы қалдырды, ол сол жақтағы шеңберіндегі тартысты сәтте мұқият әрекет етіп, есеп ашты.

Екінші кезең ойында шешуші болды. Тағы да көпшілікті пайдалана отырып, алаң иелері Никита Михайлис пен Люк Джонсонның күшімен көзге түсті. Ал жиырмаминуттықтың соңында Алексей Маклюков «Металлургтің» төртінші шайбасын соқты.

Джейк Масси «Барыс» сапындағы алғашқы ресми голын енгізіп, астаналықтардың жеңілісін сәл жеңілдете түсті. Бұл шайба арқылы Эмиль Галимов өзінің ұпайлық сериясын бес ойынға дейін жеткізді. Дегенмен, соңғы сөзді магнитогорлықтар айтты – Дерек Барак мергендік есебін толықтырды. 20 қыркүйекте Михаил Кравецтің шәкірттері Череповец қаласында «Северстальмен» ойнайды.

«Металлург» - «Барыс» 5:1 (1:0, 3:0, 1:1)

1:0 – 13:55 – Канцеров (Силантьев)

2:0 – 22:18 – Михайлис (Вовченко, Джонсон)

3:0 – 28:51 – Джонсон (Петунин, Михайлис) АГ

4:0 – 39:22 – Маклюков (Ткачёв, Силантьев)

4:1 – 48:50 – Масси (Галимов, Морелли)

5:1 – 52:27 – Барак (Пресс, Вовченко)

Қақпашылар: Смолин – Шутов

«Металлург Арена». 6 840 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


SH3_8563.jpg

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис Айсұлуға тағы да есе жіберді

new-preview
Tomiris

Томирис маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

new-preview
Tomiris

Томирис бірінші орынға оралды