Барыс Локомотивке есе жіберді
01 Қазан 2025

Барыс Локомотивке есе жіберді

Қазан айындағы алғашқы ойында «Барыс» өз айдынында қазіргі Гагарин кубогының иегері «Локомотивті» қабылдады. Жергілікті команданың жаттықтырушылар штабы «Адмиралға» қарсы жеңісті матчпен салыстырғанда тек бір ғана өзгеріс енгізді. Жетінші қорғаушы болып астаналықтардың жаңа ойыншысы Тайлер Уотерспун тіркелді.

Қонақтар кездесудің дебютінде-ақ есеп ашты. Андрей Сергеевтің соққысы «Барыс» қақпашысы Адам Шил үшін алынбайтын болды, осы арқылы қақпашының «құрғақ» сериясы 111 минут 35 секундта үзіліп қалды. Екінші кезеңнің басында «Локомотив» қарсыластың қателігін пайдаланып, Байрон Фрэз «теміржолшылардың» басымдығын нығайтты. Шешуші серпілісті Боб Хартлидің ойыншылары соңғы кезеңнің басында жасады. Георгий Иванов пен Егор Сурин 36 секунд аралығында бір-бірінен кейін шайба салып, Андрей Шутовты ойынға қосуға мәжбүр етті.

Райли Уолштың дәл соққысы «Барыс» үшін жеңілістің ащылығын сәл де болса жеңілдетті. Дегенмен, соңғы сөз «Локомотивке» тиді - Андрей Шутовтың иелігін Никита Кирьянов шайқап өтті. 5 қазан күні Михаил Кравецтің ойыншылары  Новосибирскіде «Сибирьге» қарсы айдынға шығады.

«Барыс» -  «Локомотив» 1:5 (0:1, 0:1, 1:3)

0:1 – 03:19 – Сергеев (Береглазов, Сурин)

0:2 – 25:02 – Фрэз (Паник, Кирьянов)

0:3 – 43:30 – Иванов (Радулов, Сурин)

0:4 – 44:06 – Сурин (Сергеев, Радулов)

1:4 – 55:34 – Уолш (Галимов, Омирбеков)

1:5 – 57:21 – Кирьянов (Сергеев)

Қақпашылар: Шил (Шутов, 44:06–60:00) – Мельничук

«Барыс Арена». 6 958 көрермен


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_0506.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы