Барыс Сібірді минималды есеппен жеңді
17 Қазан 2026

Барыс Сібірді минималды есеппен жеңді

«Барыс» Новосібірде тоғыз матчтан тұратын сырт алаңдағы ойындар сериясын бастады. «Автомобилистпен» өткен алдыңғы кездесумен салыстырғанда қонақтар құрамында өзгеріс болған жоқ.

Алғашқы кезеңде алаң иелері сәл басымдық танытып, екі рет сан басымдығын пайдаланып ойнады. Алайда шайбаны «Барыс» соқты. Дегенмен, алаң иелерінің жаттықтырушылар штабының сұранысынан кейін төрешілер Джастин Бэйлидің голын есепке алмады. Бұған дейін қақпашыға кедергі жасау ережесі бұзылғаны анықталды.

Екінші кезеңде қонақтар тағы екі рет аз құрамда сәтті қорғанды. Осыдан кейін ойын барысын теңестіріп, қарсыластарын айып орындығына отыруға мәжбүр етті.

Кездесудің тағдырын үшінші кезеңдегі жалғыз гол шешті. 47-минутта Мэйсон Морелли Логан Дэйдің соққысынан кейін шайбаға таяғын тосып, көзге түсті. Андрей Шутов осы маусымда екінші рет қақпасын голдан аман сақтап, қақпаға бағытталған 31 соққыны қайтарды.

19 қазанда Михаил Кравецтің ойыншылары Хабаровскіде «Амурмен» кездеседі.

«Сібір» - «Барыс» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 47:16 - Морелли (Дэй, Ляпунов)

Қақпашылар: Красоткин - Шутов

«Сібір Арена». 11 473 көрермен.


«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.

TRUE0025.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы