Барыс минскілік Динамоны минималды есеппен жеңді
28 Қазан 2026

Барыс минскілік Динамоны минималды есеппен жеңді

«Барыстың» тоғыз матчтан тұратын сырт алаңдағы сериясы аясындағы кезекті ойыны Минскіде өтті. Астаналық команданың жаттықтырушылар штабы шабуылдағы әр үштікте өзгерістер жасады. Сондай-ақ Кирилл Ляпунов, Асанәлі Саркенов және Бейбарыс Оразов ойын құрамына қайта оралды.

Алғашқы екі кезеңде алаң иелері аздаған басымдыққа ие болды. Ал «Барыс» қауіпті сәттерді негізінен қарсы шабуылдар арқылы ұйымдастырды. Матчтағы есепті қонақтар ашты. Семён Симонов шайба лақтыруға қолайлы позицияға шығып, жас шабуылшы өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Бұл гол кездесудегі шешуші шайба болды.

Ойынның соңғы бөлігінде «Динамо» қарсылас қақпасына жаппай шабуыл ұйымдастырды. Алайда Андрей Шутов бастаған астаналықтар қорғаныста сыр бермеді. Қақпашы маусымда үшінші рет қақпасын голдан аман сақтап, қақпаға бағытталған 28 соққыны қайтарды.

30 қазан күні Михаил Кравецтің шәкірттері Санкт-Петербургте «Драконспен» кездеседі.

«Динамо» (Минск) - «Барыс» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 40:28 - Симонов (Масси, Морелли)

Қақпашылар: Фукале - Шутов

«Минск-Арена».15 086 көрермен.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.

FR1A8906.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Жас Қыран академиясының тәрбиеленушілері Барыстың жастар командасын қолдады

new-preview
9 фото
Барыс

Алматы - Барыс

new-preview
Барыс

Барыс Алматыны ірі есеппен жеңіп, екінші орынға көтерілді