
«Барыс» қазан айында өз айдынында өткізетін матчтарының алғашқысында «Авангардпен» кездесті. Астаналық команданың құрамына жарақатынан айыққан Виктор Антипин пен Руслан Оспанов қайта қосылды. Алекс Грант «Барысқа» қайта оралғаннан кейінгі бірінші ойынын өткізді.
Матчтың бірінші кезеңінде омбылықтар қарсылас аймағында шайбаны бақылауда ұстап, белсендірек болғанымен, есеп аша алмады. Ал «Барыс» болса, өз мүмкіндіктерінің бірін сәтті жүзеге асыра білді. Натан Больё көк жолақ бойынан соққы жасап, Даниил Апальков шайбаның ұшу бағытын өзгерте білді. Одан соң астаналық ұжым басымдыққа ие болды. Алайда әрі қарай екі команданың қақпашылары мінсіз өнер көрсетті.
Осылайша, қазақстандық команда биылғы маусымда екінші мәрте өз қақпасына бірде-бір шайба жібермей, жеңіске жетті. Никита Бояркин 24 соққыны кері қайтарды. 16 қазанда Вячеслав Буцаев шәкірттері Астанада «Салават Юлаевты» қабылдайды.
«Барыс»- «Авангард»1:0 (1:0, 0:0, 0:0)
1:0 – 14:30 – Апальков (Больё, Бурдасов)
Қақпашылар: Бояркин –Хомченко
«Барыс Арена». 5832 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.