Барыс сәтсіз ойындар сериясын жалғастырды
02 Ақпан 2026

Барыс сәтсіз ойындар сериясын жалғастырды

«Амур» мен «Барыс» Хабаровск қаласында екінші кездесуін өткізді. Қонақтардың бапкерлер штабы құрамаларды түгел өзгертіп, ойынға Эмиль Галимов пен Кирилл Панюковты қосты. Ал Майкл Веккьоне мен Максим Мухаметов өтінімнен тыс қалды.

Астаналықтар кездесудің алғашқы минуттарын тағы да жақсы өткізіп, тіпті Джейк Масси мен Всеволод Логвиннің сәтті әрекеттерінің нәтижесінде есеп ашты. Алайда «Амур» осыған жылдам жауап беріп, Александр Гальченюк пен Иван Мищенко гол соқты. Екінші кезеңнің соңына қарай Кирилл Слепец хабаровскілік команданың басымдығын арттырды. Осы бөлікте «Барыс» Макс Уиллманның бағанаға тиген соққысымен және Джейк Масси жасаған әсерлі күштік әдісімен есте қалды.

Қорытынды кезеңде Әлихан Әсетов Райли Уолштың соққысынан кейін клюшкасын сәтті тосып, есеп айырмасын минимумға дейін қысқартты. Алайда матчтағы соңғы сөз алаң иелерінде қалды – Слепец жақын қашықтықтан дәл соққы жасап, дубль авторы атанды. 4 ақпанда Михаил Кравецтің ойыншылары Владивостокта «Адмиралмен» кездеседі.

«Амур» - «Барыс» 4:2 (2:1, 1:0, 1:1)

0:1 – 05:02 – Логвин (Панюков, Масси)

1:1 – 08:19 – Гальченюк (Ли, Лихачёв)

2:1 – 09:43 – Мищенко (Юртайкин, Слепец)

3:1 – 35:06 – Слепец (Гиздатуллин)

3:2 – 45:52 – Әсетов (Уолш, Маккошен)

4:2 – 56:46 – Слепец (Филатьев, Балдаев)

Қақпашылар: Дорожко – Бояркин

«Платинум Арена». 6 393 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

_N3A5625.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы