Барыс голсыз сериясын жалғастырды
22 Қаңтар 2026

Барыс голсыз сериясын жалғастырды

Сырт алаңдағы ойын сериядағы «Барыстың» екінші қарсыласы ЦСКА болды. Қонақтар бапкерлер штабы ойын құрамында тек 13-ші шабуылшы позициясына ғана өзгеріс енгізді – Максим Мұхаметовтың орнына Кирилл Ляпунов тіркелді.

Кездесудің алғашқы екі кезеңі аса көп голдық мүмкіндікке толы емес, тығыз тартыста өтті. ЦСКА Максим Соркин айып алаңынан шығып, қақпашымен бетпе-бет қалған сәтте есеп ашуға жақын болды. Ал «Барыс» сапында Майкл Веккьоне мен Макс Уиллманда тамаша мүмкіндіктер болды. Алайда бұл эпизодтарда Адам Шил мен Дмитрий Гамзин шеберлік танытты.

Нәтижесінде матч тағдырын тағы да бір ғана шайба шешті. Қорытынды сиренаға бір жарым минут қалғанда ЦСКА-ға жеңісті Никита Охотюк алып келді. 24 қаңтарда Михаил Кравецтің ойыншылары Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» кездеседі.

ЦСКА – «Барыс» 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 58:33 – Охотюк (Зернов, Холлоуэлл)

Қақпашылар: Гамзин – Шил

«ЦСКА Арена». 5 123 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

   AF4_1135.JPG

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс Нефтехимиктен овертаймда жеңісті жұлып алды

new-preview
6 фото
Barys

Нефтехимик - Барыс

new-preview
Barys

Sport Qory ұсынған қыркүйек айының қорытындысы бойынша «Барыстың» көрсеткіштері