Барыс ұпай жинаған ойын сериясын тоқтатты
27 Қазан 2025

Барыс ұпай жинаған ойын сериясын тоқтатты

Сырт алаңдағы ойын сериясындағы алғашқы матчта «Барыс» «Нефтехимикпен» кездесті.

Астаналықтардың жаттықтырушылар штабы құрамды өзгертпей, тек дәстүрлі түрде қақпашыны ауыстырумен шектелді – ойынды Андрей Шутов бастады. Бірінші кезең толықтай алаң иелерінің бақылауында өтті. Екінші ауысымда-ақ Владислав Барулин қақпа алдында шайбаны дәл бағыттап, есеп ашты. Біраз уақыттан кейін Матвей Надворный жақын қашықтықтан мергендік танытты.

«Барысты» ойынға қайта әкелген Ансар Шайхмедденов болды – ол қорғаушының арасынан дәл соққы жасап, Филипп Долгановты қапы қалдырды.  Артынша астаналықтар артықшылықта ойнау мүмкіндігіне ие болды, алайда қарсыластардың іс-әрекетінен кейін Кирилл Капустин есеп айырмасын қайта екі шайбаға жеткізді.

Үшінші кезеңнің басында Райли Уолштың голы ойынға қайтадан шиеленіс әкелді. Бірақ «Барыс» бұдан артық нәтижеге жете алмады. 29 қазанда Михаил Кравецтің ойыншылары Омбыда «Авангардқа» қарсы ойнайды.

«Нефтехимик» - «Барыс» 3:2 (2:0, 1:1, 0:1)

1:0 – 01:06 – Барулин (Пастухов, Точилкин)

2:0 – 08:25 – Надворный

2:1 – 28:56 – Шайхмедденов (Бреус)

3:1 – 30:45 – Капустин АГ

3:2 – 40:27 – Уолш (Морелли, Веккьоне)

Қақпашылар: Долганов – Шутов

«Нефтехим Арена». 2 912 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

498A6296.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер