Маусымдағы алғашқы өз алаңдағы ойын сериясының қорытынды матчында «Барыс» «Амурмен» кездесті. Астаналық команданың жаттықтырушылар штабы төртінші бестіктің құрамына аздаған өзгеріс енгізіп, ойынға Бейбарыс Оразов пен бүгін ҚХЛ-дағы дебютін өткізген Абзал Әлібекті қосты.
Кездесу екі команда ойыншыларының кезек-кезек айып алаңына жіберілуімен басталды. Осы аралықта «Барыс» сан басымдығын пайдалана алмады. Ал хабаровскілік команда алғашқы мүмкіндігінде-ақ есеп ашты. Ярослав Лихачёв «Амурды» алға шығарды. Матчтың бел ортасында Артём Шварёв қонақтардың басымдығын еселей түсті. Бұған алаң иелері Гарретт Пилонның өткір бұрыштан бағыттаған дәл соққысымен жауап берді.
Қорытынды кезеңде «Барыс» қарсыласын өз аймағына тықсырып, ұзақ уақыт бойы шабуылдады. Алайда Максим Дорожконың қақпасын бұдан әрі бұза алмады. Ал сиренаға алты секунд қалғанда Кирилл Петьков бос қақпаны дәл көздеп, матчтағы соңғы нүктені қойды.
Осылайша, «Барыс» басталған маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. 16 қыркүйекте Михаил Кравец ойыншылары Тольяттиде «Ладамен» кездеседі.
«Барыс» – «Амур» 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)
0:1 - 09:46 - Лихачёв (Войнов, Пилипенко) АГ
0:2 - 30:02 - Шварёв (Лукин, Филатьев)
1:2 - 32:44 - Пилон (Бэйли, Морелли)
1:3 - 59:54 - Петьков АГ БҚ
Қақпашылар: Шепард - Дорожко
«Барыс Арена». 11 437 көрермен
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КФ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.