"Барыс" атақты хоккейшілердің жейделерін  арена төбесіне көтереді.
27 Қараша 2019

"Барыс" атақты хоккейшілердің жейделерін арена төбесіне көтереді.

1 желтоқсанда клубтың 20 жылдығына орай минскілік "Динамомен" үй матчының алдында өз мансабында бір маусымды командаға арнаған белгілі "Барыс" хоккейшілерінің свитерлерін салтанатты түрде көтеру рәсімі өтеді.  

Бұл шешімге "Барыс" президенті Борис Иванищев түсініктеме берді:

- Ең алдымен, "Барысқа", оның тарихына, қалыптасуына, дамуына қатысты барлық адамдарды клубтың жиырма жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді. Бұл маңызды күн, сондықтан біз оны жақсы және жарқын атап өту үшін бірқатар іс-шаралар дайындадық. Маусым басында айтқанымыздай, "Барыс" хоккейшілерінің жейделерін арена төбесіне көтергіміз келеді. Біз барлық ойыншыларға шақырулар жіберіп, үшеуі алдын ала өздерінің қатысатындарын растады, сондықтан барлық жанкүйерлерді 1 желтоқсанда минскілік "Динамомен" болатын матчқа біздің мерейтойымызды бірге атап өтуге шақырамыз. 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan