Барыс ЦСКА-ны жеңіп, жеңілістер сериясын тоқтатты
17 Қаңтар 2026

Барыс ЦСКА-ны жеңіп, жеңілістер сериясын тоқтатты

«Барыс» қысқа мерзімді үйдегі ойындар сериясын ЦСКА-мен өткен матчпен аяқтады. Астаналықтардың бапкерлер штабы кездесуді 13 шабуылшымен өткізуді шешіп, құрамға Эмиль Галимовты қосты. Қақпаны тағы да Адам Шил қорғады.

Ойын алаң иелерінің екі бірдей қатарынан алған айып соққысымен басталды. Алайда қорғаныста батылдық танытқан «Барыс» гол жібермей қана қоймай, нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Айып алаңынан шыққан Мэйсон Морелли Тайс Томпсонға дәл пас беріп, қазақстандық клубтың голдық құрғақ сериясын тоқтатты. Екінші кезеңде есеп өзгермеді, ал шешуші үшінші кезең тартысқа толы болды.

Алдымен Майкл Веккьоне артықшылықты тиімді пайдаланып, астаналықтардың басымдығын нығайтты. Осыдан кейін мәскеулік клуб белсенділікті арттырып, қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстырды. Бір сәтте Максим Соркин Шилдің қақпасын дәл көздеді. Бұдан соң ЦСКА бапкерлері тағы да тәуекелге барып, алты алаң ойыншысын шығарды. Бірақ бұл жолы да есепті теңестіру мүмкін болмады. Веккьоне өз аймағынан дәл соққы жасап, матчтағы барлық сұраққа нүкте қойды. «Барыс» қақпашысы 25 сейв жасап қана қоймай, нәтижелі паспен де көзге түсті.

20 қаңтарда Михаил Кравец ойыншылары Тольяттиде «Ладамен» кездеседі.

«Барыс» - ЦСКА 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)

1:0 – 13:00 – Томпсон (Морелли)

2:0 – 53:24 – Веккьоне (Уолш, Морелли)

2:1 – 56:37 – Соркин (Полтапов, Карнаухов)

3:1 – 59:23 – Веккьоне (Шил) БҚ

Қақпашылар: Шил – Самонов

«Барыс Арена». 8 545 көрермен

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


DSC_9336.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номад бірқатар ойыншыға квалификациялық ұсыныстар жасады

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Дмитрий Бреус

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы