Барыс 0:2 есебінен таразы басын теңестіргенімен, овертаймда чемпионат көшбасшысына жол берді
17 Ақпан 2026

Барыс 0:2 есебінен таразы басын теңестіргенімен, овертаймда чемпионат көшбасшысына жол берді

«Барыс» бес матчтық үй сериясын осы маусымның сөзсіз көшбасшысы «Металлургке» қарсы ойынмен жалғастырды. Астаналық команданың бапкерлер штабы құрамда бір ғана өзгеріс жасады – Дмитрий Бреустың орнына жетінші қорғаушы ретінде Кирилл Никитин тіркелді.

Алаң иелері кездесудің алғашқы бөлігін сенімді өткізді. Бірінші үзіліске дейін қарсылас қақпасына 15 соққы бағыттағанымен, есепті магнитогорлықтар ашты. Руслан Исхаков Артём Минулиннің соққысынан кейінгі шайбаны сәтті толықтырып, өз командасын алға шығарды. Екінші кезеңнің басында «Металлургтің» 22-нөмірлі ойыншысы дубль авторы атанды.

Бұл сәтте есеп айырмасын қысқартуға Дінмұхамед Қайыржан жақын болды, алайда оның соққысы қақпа бағанына тиді. Қонақтардың қақпасын 36-минутта Тайс Томпсон басымдық кезінде дәл соққымен дәл ашты.

Үшінші кезеңнің басында Всеволод Логвин «бірге-бір» шыққан мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен «Барыс» өз дегеніне жетіп, Райли Уолш таразы басын теңестірді. Ал ойынның соңында бірнеше әсерлі сейв жасаған Никита Бояркин астаналықтарға бір ұпай олжалап, матчты овертаймға жеткізуге көмектесті. Кездесудің қосымша уақытында Дерек Барак «Металлургке» жеңіс сыйлады. Бояркин матч барысында 32 соққының бетін қайтарды.

20 ақпанда Михаил Кравецтің ойыншылары өз алаңында шанхайлық «Драгондарды» қабылдайды.

«Барыс» – «Металлург» 2:3 ОТ (0:1, 1:1, 1:0, 0:1)

0:1 – 06:04 – Исхаков (Минулин, Михайлис)

0:2 – 25:06 – Исхаков (Михайлис, Петунин)

1:2 – 35:17 – Томпсон (Веккьоне, Уолш) АГ

2:2 – 54:39 – Уолш (Веккьоне)

2:3 – 60:47 – Барак (Смолин)

Қақпашылар: Бояркин – Смолин

«Барыс Арена». 5 220 көрермен.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 DSC_7102.jpg

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер