Барыс Минскте жігерлі жеңіске қол жеткізді
21 Қазан 2024

Барыс Минскте жігерлі жеңіске қол жеткізді

0P4A6289.jpg

«Барыс» сырт айдындағы матчтар сериясын минскілік «Динамомен» кездесумен жалғады. Астаналық команданың бапкерлер штабы бір шабуыл үштігіне толықтай өзгеріс енгізіп, Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов пен Руслан Оспанов мұз айдынға шықты.

Астаналықтар ойынның алғашқы бөлігін сенімді өткізгенімен, үзіліске аз уақыт қалғанда айдын иелері қарсыласының қатесін пайдаланып кетті, сөйтіп Кристофер Тирни есеп ашты. «Барыс» екінші кезеңнің соңында екінші шабуыл үштіктің арқасында таразы басын теңестірді. Қарымта шабуылдың нүктесін Әлихан Өмірбеков қойды. Осы ойын сәтінде Дамир Жафяров нәтижелі пас беріп көзге түсті. Бұл – оның Құрлықтық хоккей лигасындағы 200-нәтижелі пасы және қазақстандық ұжым сапында еншілеген алғашқы ұпайы.

Матчтың қорытынды бөлігінде айдын иелері басымдыққа ие болды, дегенмен «Барыс» өте көп соққыға тосқауыл болып, қорғаныста мінсіз ойын өрнегін көрсетті. Ал шешуші сәттерде бүгін 34 соққыға тосқауыл болған Никита Бояркин сенімді ойнады. Ойын тағдыры кездесудің аяқталуына 30 секунд қалғанда шешілді. Әлихан Өмірбеков қарсылас аймағында шайбаға талас жүргізу кезінде жеңімпаз атанып, астаналық ұжымның капитаны Кирилл Панюков өз командасына екі ұпай сыйлады.

23 қазанда Ғалым Мамбетәлиев бастаған команда Новосібірде «Сібірге» қарсы ойнайды.

 «Динамо» Минск- «Барыс»1:2 (1:0, 0:1, 0:1)

1:0 – 18:48 – Тирни (Дюбе, Мороз)

1:1 – 34:51 – Омирбеков (Әсетов, Жафяров)

1:2 – 59:30 – Панюков (Өмірбеков)

Қақпашылар: Вельмакин – Бояркин

«Минск-Арена». 13003 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дінмұхамед Қайыржан Барыста қалады

new-preview
Barys

Кирилл Панюков Барыста тағы бір маусымға қалады

new-preview
18 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 1-ші күні