Барыс Владивостокта жігерлік танытып, жеііске қол жеткізді
13 Наурыз 2025

Барыс Владивостокта жігерлік танытып, жеііске қол жеткізді

IMG_2761.JPG

Тұрақты маусымның соңғы сырт айдындағы матчтар сериясын «Барыс» «Адмиралға» қарсы матчпен бастады.

Ойынның алғашқы бөлігінде айдын иелері екі сан басымдығына ие болып, оларды жүзеге асырды. Шайба авторлары – Либор Шулак пен Джек Родуолд. Екінші кезеңде Павел Шэн мен Даниил Гутиктің дәл соққылары «Адмиралдың» айқын басымдықпен көш бастауына мүмкіндік берді. Осы екі нәтижелі шабуылдың ортасында Әлихан Өмірбеков соқты. Шабуылшы Илья Хохловтың қарсылас қақпасы алдында жасаған жұмысының нәтижесінде нәтижелі соққының авторы атанды.

Алайда ойынның қорытынды бөлігінде астаналық команда матч барысын толықтай өзгертті. Алдымен тағы да команданың жастардан жасалған үштігі көзге түсті, гол авторы – Семен Симонов. Сәлден соң Михаил Рахманов нәтижелі соққы жасады. Қазақстандық команданың камбэгінің нүктесін Әділ Бекетаев қойды. Қорғаушы ойынның аяқталуына 37 секунд қалғанда сан басымдығын жүзеге асырып, таразы басын теңестірді. Осылайша, ойын буллиттер сериясына дейін жалғасты. Бұл сында тәжірибелі Роман Старченко «Барысқа» жеңіс сыйлады. Артем Шестаков 44 соққыға тосқауыл болды.

15 наурызда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Хабаровскте «Амурмен» кездеседі.

 «Адмирал» - «Барыс»4:5 (2:0, 2:1, 0:3, 0:0, 0:1)

1:0 – 02:30 – Шулак (Завгородний, Шестаков)

2:0 – 08:52 – Родуолд (Шестаков) СБШ

3:0 – 21:28 – Шэн (Гутик, Дерябин)

3:1 – 26:51 – Омирбеков (Хохлов)

4:1 – 28:59 – Гутик (Завгородний, Мишуров)

4:2 – 42:45 – Симонов (Ляпунов, Логвин)

4:3 – 48:56 – Рахманов (Бекетаев, Старченко) СБШ

4:4 – 59:23 – Бекетаев (Старченко) СБШ

4:5 – 65:00 – Старченко Б

Қақпашылар: Мишуров–Шестаков

«Фетисов Арена». 5 315 көрермен

IMG_2914.JPG

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
10 фото
Барыс

Барыс - Кулагер

new-preview
Барыс

Барыс жастар командасы Құлагерді ойсырата жеңді

new-preview
10 фото
Барыс

Барыс - Кулагер