Барыс плей-оффтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
18 Ақпан 2026

Барыс плей-оффтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Астанада жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының ширек финалдық сериясы «Барыс» пен «Сұңқар» командалары арасында басталды.

Ағымдағы маусымдағы плей-офф кезеңінде командамыз сапындағы алғашқы шайбаның авторы Леонид Шакенов атанды. Ол қарсыластың аймағындағы сәтті ойынның нәтижесінде есеп ашты. Үшінші кезеңде Шакенов қақпа алдындағы ойынымен мергендігін тағы дәлелдеп, «Барыстың» басымдығын арттырды. Қорытынды есепті Святослав Харченко орнатты. Леонид Кравцов 24 сейв жасап, қақпасын голдан аман сақтады.

«Барыс» - «Сұңқар» 3:0 (1:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 10:35 - Шакенов (Аманғалиев)

2:0 - 47:37 - Шакенов (Церульников)

3:0 - 54:49 - Харченко (Дронов)

Қақпашылар: Кравцов - Шарипов

Сериядағы есеп «Барыс» - «Сұңқар» 1:0.

DSC_7905.jpg 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» оқу-жаттығу жиындарын бастайды

new-preview
Barys

Мэйсон Морелли Барыста екі жыл ойнайды

new-preview
Barys

Иэн Маккошен Барыста қалды