Өз айдынындағы матчтар сериясының төртінші ойынында «Барыс» «Северстальді» қабылдады. Айдын иелерінің сапына Данил Бутенко, Роман Старченко мен Кирилл Панюков қайта оралды.
Кездесу айдын иелерінің екі мәрте айып уақытын алуымен басталды. «Барыс» қарсыластың алғашқы сан басымдығын жүзеге асыруына мүмкіндік бермегенімен, «Северсталь» екінші мүмкіндігін жіберген жоқ – Руслан Абросимов есеп ашты.
Астаналық команда қақпасына соғылған келесі екі шайба қарымта шабуылдар нәтижесінде соғылды. Гол авторлары – Николай Буренов пен Алексей Кручинин. Сәлден кейін Роман Старченко ҚХЛ-дағы 212-шайбасын соқты. Бұл – оның маусымдағы алғашқы голы. Осы шабуылға Николай Шульга қатысып, Лигадағы алғашқы нәтижелі ұпайын еншіледі. Әйткенмен, «Северсталь» Михаил Ильиннің арқасында есептегі айырманы қайта үш шайбаға дейін жеткізді. Кирилл Пилипенко болса, екінші үзіліс алдында Андрей Шутов қорғаған қақпаға бесінші голды соқты.
Үшінші жиырма минуттықта Андрей Чуркин кем құрамдағы ойын кезінде көзге түсті. Матчтағы соңғы нәтижелі шабуылдың нүктесін Семен Симонов қойды. 19 жастағы шабуылшы «Барыс» жейдесіндегі алғашқы шайбасын соқты. 22 ақпанда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері өз айдынында «Адмиралды» қабылдайды.
«Барыс» - «Северсталь»2:6 (0:1, 1:4, 1:1)
0:1 – 10:14 – Абросимов (Аймурзин, Пилипенко)
0:2 – 23:20 – Буренов (Чебыкин, Кручинин)
0:3 –30:16 – Кручинин (Чебыкин, Смирнов)
1:3 –33:50 –Старченко (Шульга, Панюков)
1:4 – 34:14 – Ильин (Аймурзин, Буренов)
1:5 –37:34 – Пилипенко (Аймурзин, Ильин)
1:6 –45:33 –Чуркин (Калдис)
2:6 – 52:15 – Симонов (Қайыржан, Шульга)
Қақпашылар: Шутов –Самойлов
«БарысАрена».3132 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.