Барыс Адмиралды жеңе алмады
28 Қаңтар 2026

Барыс Адмиралды жеңе алмады

Қаңтар айындағы соңғы үй матчында «Барыс» «Адмиралды» қабылдады. Медициналық себептерге байланысты кездесуді Мэйсон Морелли өткізіп алды. Ал астаналықтардың сапына жарақатынан кейін капитан Кирилл Савицкий қайта оралды. Қақпада бапкерлер штабы тағы да Адам Шилді шығарды.

Ойынның алғашқы бөлігі қонақтардың пайдасына шешілді, олар өздері жасаған екі қауіпті сәттің бірін голға айналдырды. «Екіге бір» қарсы шабуылды Дмитрий Завгородний дәл соққымен аяқтады. Алаң иелерінің жауабы екінші кезеңнің басында келді. Тайс Томпсон қарсы шабуылға қосылып, есепті теңестірді. Кезең ортасында Дмитро Тимашов астаналық жанкүйерлерді тағы да қапы қалдырды.  Оның шайбасы «Адмиралдың» артықшылықтағы ойынының нәтижесі болғанымен, іс жүзінде гол «5-ке 5» форматында соғылды. Ал сәл кейінірек Кайл Олсон азшылықта ойнап жатқан сәтте көзге түсті.

Қорытынды кезеңнің басым бөлігін «Барыс» шабуыл аймағында өткізді, алайда Степан Старков пен Вячеслав Основин қарсыластың шабуылын басып тастады. Джейк Масси соққан шайба «Барыс» үшін қатарынан келген төртінші жеңілістің ащылығын сәл де болса жеңілдетті. 31 қаңтарда Михаил Кравецтің командасы Хабаровскіде «Амурмен» кездеседі.

«Барыс» - «Адмирал» 2:5 (0:1, 1:2, 1:2)

0:1 – 04:50 – Завгородний (Основин)

1:1 – 24:26 – Томпсон (Уиллман, Бреус)

1:2 – 29:38 – Тимашов (Тертышный)

1:3 – 33:25 – Олсон (Завгородний) АГ

1:4 – 47:43 – Старков

1:5 – 50:32 – Основин (Завгородний, Шулак)

2:5 – 51:51 – Масси (Савицкий, Өмірбеков)

Қақпашылар: Шил – Кульбаков

«Барыс Арена». 6 182 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_1521.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
15 фото
Nomad

Номад - Актобе

new-preview
Nomad

Қазақстан кубогы. Номад - Ақтөбе матчының алдында

new-preview
Nomad

Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионаты 1 қыркүйекте басталады