Бүгін «Барыс Арена» баспасөз орталығында «Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы басшыларының салтанатты кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Іс-шараға «Барыс» хоккей клубының бас директоры Сәкен Мұсайбеков пен ТҒӨО басқарма төрайымы Сания Абдрахманова қатысты.
Орнатылған серіктестік аясында тараптар бірлескен әлеуметтік және PR-іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ салауатты өмір салтын және ерікті, өтеусіз қан донорлығын насихаттауға бағытталған бастамаларды өзара қолдауға келісті.
Атап айтқанда, 28 қаңтарда өтетін «Барыс» - «Адмирал» матчы кезінде әрбір жанкүйер өз қан тобын тегін анықтай алады. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының белсенділік аймағы үшінші қабаттағы фойеде, А11 секторы маңында орналасады.
Сондай-ақ «Барыс» клубы елордалық Қан орталығында қан тапсырған жанкүйерлерге әрбір үй матчына тегін билеттер ұсынады.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Барыс» клубының басшылығы, қызметкерлері, ойыншылары мен жаттықтырушылары «Донор күні» акциясына қатысқан болатын. Іс-шараның басты мақсаты – республика тұрғындарына әрбір донация біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін еске салу.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.