Гайтамиров «Барыста» өнер көрсетуін жалғастырады
01 Шілде 2023

Гайтамиров «Барыста» өнер көрсетуін жалғастырады

«Барыс» хоккей клубы Тамирлан Гайтамиров келісімшартқа қол қойылғаны туралы ресми мәлімдейді. Екі жақты келісім 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.

Өткен маусымда Гайтамиров ҚХЛ тұрақты чемпионатында 30 ойын өткізіп, бір шайба мен үш нәтижелі пастың авторы атанды. 2023 жылдың мамыр айында ересектер арасында элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Тамирлан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасады.

Вячеслав Белан, «Барыс» бас менеджері:

- Тамирлан Құрлықтық хоккей лигасында алғашқы толыққанды маусымын өткізді. Ол өзінің берілмейтін, қажет болса әріптестері үшін күресуге дайын мықты қорғаушы екенін көрсетті. Ригадағы әлем чемпионаты өзіне деген сенімділігін арттыра түскен болуы керек.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Тайс Томпсон Барыста қалды

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

new-preview
Barys

Джейк Масси Барыспен екі маусымға келісімшартын ұзартты