Барыс – Автомобилист. Жаттықтырушылардың түсініктемелері
22 Ақпан 2024

Барыс – Автомобилист. Жаттықтырушылардың түсініктемелері

«Барыс» - «Автомобилист» матчынан кейін (1:4) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

DSC_1746.JPG

Николай Заварухин, «Автомобилист» командасының бас жаттықтырушысы

- «Барыс» еш қысымсыз өз жанкүйерлерінің алдында белсенді ойнайтынын білдік. Жігіттердің ойынға деген жоспарды орындағандары жақсы болды. Бір жерде ұқыпты ойнасақ, енді бір жерде прессингте ойнадық. Әдемі голдар соқтық. Артем Каштанов ҚХЛ-дағы алғашқы голын соқты, оны осы соғылған голмен құттықтаймын. Жас жігіттердің ойыны биыл жақсарды. Ойын өрнегіне келетін болсақ, керемет тосқауыл қойып, қорғаныста ойнады, бірақ көпшілікте біраз қолдан келмей жатты. Бұл компонентті бізге жақсарту керек. Ойынға жоспарды орындағаны үшін жігіттерге тағы да алғыс айтқым келеді.

- Бүгін команда азшылықта болған сәтте үлгілі ойын өрнегін көрсетті, плей-офф алдында бұл үміт ұялататын сияқты ғой?

- Бүкіл чемпионат бойы азшылықта керемет ойнадық. Біз азшылықта ойнау бойынша кестенің жоғарғы бөлігінде болуымыз бекер емес. Плей-оффта да бұл өте маңызды болмақ... психология. Ойынның қандай да бір өрнегі болғаны өте жақсы, бірақ бұл негізінен психология.

DSC_1759.JPG

Олег Болякин, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы

- Мұнда ерекше ауыз толтырып айтар ештеңе жоқ. Қарсылас ойын тізгінін уысынан жібермеді. Әр ойында жіберіп жатқан қателіктеріміз голдар мен жеңілістерге әкеп соқтыруда. Бүгін төртінші гол, әрине, үлігілі болды. Қарсыласқа гол соғудың орнына, өз қақпамызға гол жіберіп алдық. Мен осыған дейін айтып жүргенімдей бізге резерв жетіспейді. Бізде тізімде тағы екі жарақат алғандар бар: Савицкий мен Шалапов. Жігіттерге үй айдынындағы ойындар сериясын жеңістен бастау керек деп айттық, бірақ, өкінішке орай, болары болды.

- Паскуалені Шутовқа неге ауыстырмадыңыз?

- Негізінде, Паскуале жақсы ойнады, тек екінші гол сәл-пәл күлкілі шықты. Негізі ол қақпасын жақсы қорғады, қарсылас команда 44 соққы жасады. Бірінші гол - бұл қорғаушының аймақтан шығудағы қателігі, шабуылды дұрыс бастамады. Үшінші гол - тағы сол баяғы, қорғаушы өз секторына жауап бермеді. Төртінші голға келетін болсақ, өзіңіз де көрдіңіз. Қарсылас қапасына гол соғу керек, біз қателестік және көк сызықта бәрі тоқтап, соңы біздің қақпаға соғылған голмен аяқталды. Қақпашыларға айтар шағымым жоқ.

- «Барыстың» алда үй айдынында тек екі ойыны қалды. Қазіргі таңда келісімшартты келесі маусымға ұзартқыңыз келетін үміткерлер бар ма?

- Белгілі бір ойыншылар бар. Біз соңғы ойындар келісімшарттардың жалғасуына әсер етеді деп айттық. Бәрі де олардың қолында, олар өздерін қалай көрсетсе, соған қараймыз.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ





Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Жапония 6:0