Барыс – Авангард. Жаттықтырушылардың түсініктемелері
31 Қаңтар 2024

Барыс – Авангард. Жаттықтырушылардың түсініктемелері


«Барыс» - «Авангард» матчынан кейін (1:3) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


DSC_7042.JPG


Михаил Кравец, «Авангард» командасының бас жаттықтырушысы

- Қиын, өте қиын ойын болды деуге болады. Қарсылас жақсы жылдамдықпен ойнады, команданың жеңіске деген ұмтылысы айқын білінді, бізді қыспаққа алды. Екінші кезеңде шеберлік пен табандылық таныта алғанымызға қуаныштымын, ең бастысы ойын алдындағы жоспарымызды орындадық. Яғни, шайбаны өзімізде ұстап, қарсыластың аймағында көбірек ойнадық. Әрине, ойын тағдырын ертерек шешуге болатын еді, өкінішке орай, үшінші кезеңде гол соғуға болатын сәттерде гол соқпадық. Бірақ шыдамдылық танытып, жеңіске жеттік. Мінез танытып, бір команда болып осы қиын жеңіске қол жеткіздік. 

- Сіз планшетте эмоционалды түрде сурет салып, оған экраннан бірдеңе көрсетіп жатқан кезде Михаил Гуляевпен әңгіме не жайлы болды? 

- Мен Мишаны бір немесе екі ауысымнан кейін емес, әр ауысымда айдынға шығарар едім. Миша бүгін өте жақсы ойнады, мен оның ойынына ризамын, ол көп нәрсені дұрыс жасады. Өте сенімді ойнады. Ал планшетте, егер біз қақпаға соққы жасауға тырыссақ, шайбаны тастау кезінде қалай ойнау керектігін көрсетіп, түсіндірдім.  

- Осы маусымда Скабелка, кейін Мамбеталиев басқарған «Барыспен» ойнадыңыздар. «Авангард» үшін Болякин бастаған «Барыс» ең ыңғайсызы деп айтуға бола ма? 

- 200 пайызға команда белсендірек ойнай бастады. Олар өз аймағында ғана қорғануды қойып, жақсы, агрессивті хоккей ойнай бастады. Менің ойымша, жігіттер гол соғуға болатын сәттерді көптеп жасайды. Ойыннан ойынға ойын өрнегін жақсартып, бізді де, «Тракторды» да, басқа командаларды да кездейсоқ жеңбегені анық. 


DSC_7056.JPG


Олег Болякин, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы

- Жігіттер барын салды, тырысты. Бірінші және үшінші кезеңдердегі ойын өрнегі тәп-тәуір болды. Кейде күлкілі сәттер болып жатты, енді бір жерде өз қолдарымен қарсыласқа шайба беріп қойып жаттық. Жоғарыда айтылғандай, бізде қорғаныста белгілі бір проблемалар бар, бұл проблемалар өз кезегінде ойын нәтижесіне әсер етеді. Гол соғуға болатын сәттерді көп жасағанмен, бірақ, әрине, бір голмен жеңу өте қиын. Біздің ағат әрекеттерімізден кейін және ойыншылар өз секторларын жоғалтқан кезде қақпамызға гол жіберіп алып жатамыз. Қуып жетуге тырысу қашанда болсын қиын. Үшінші кезеңде жақсы сәттер болды, оларды голға ұластыру керек еді. 

- Былайша айтқанда сәттілік жетіспейтін сияқты? 

- Бұл бізді де алаңдатады. Жігіттермен сөйлестік, осы сәттерді талқыладық. Егер мұндай голдар соғылмаса, онда қан мен тер төгіп гол соғу керек. Бірақ, мен тағы бір қайталап айтқым келетіні, жігіттерге жасайтын жұмыстарына қатысты еш айтар шағымым жоқ. Біздің командада ойынға немқұрайлы қарайтын адамдар жоқ, бәрі жақсы ойын көрсетуге тырысады. Менің ойымша, жігіттер өз еңбегін адал орындап жатыр.

- Энтони Камараның жоқтығы бүгінгі ойынға қаншалықты әсер етті? 

- Мен әр ойында негізгі ойыншыларды жоғалтып жүрміз деп айтқан болатынмын. Біреу жарақатына байланысты, біреу отбасылық себептерге байланысты құрамнан шығып қалып жатыр. Әрине, біздің команда үшін әр сарбаз маңызды, әсіресе Камара, оның жоқтығы сезілді. Рома Старченко команда құрамына қайтып оралды, бірақ әзірге қажет формаға келген жоқ. Ол көп уақыт болмады, сондықтан, әрине, біз ойыншылардың жетіспей жатқанын жақсы сезініп отырмыз. 

- Желтоқсан айында сіз осы командамен ойнап, жеңіске жеттіңіз. Бүгінгі «Авангард» қаншалықты күшті болды? 

- Олар бізден әлдеқайда күшті болды деп айтпас едім. Негізінде, тең ойын болды. Біз екінші кезеңнің басында сәтсіздікке ұшырадық. Біздің кейбір ойыншылар қандай да бір себептермен қозғалуды қойды, бұл әсіресе қорғаушыларға қатысты. Олар қажет емес қателіктер жібере бастады. Жаңа жылға дейін «Авангардпен» ойнаған кезде бізде толыққанды команда, толық төрт буын болған еді. Ал қазір ойыншылар бірінен кейін бірі шығып қалуда, бұл ойынға әсер етпей қалмайды. Бұл ақталғаным емес, шындық осы.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Дмитрий Бреус

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы