Барыс – Амур. Жаттықтырушылардың түсініктемелері
06 Ақпан 2024

Барыс – Амур. Жаттықтырушылардың түсініктемелері


«Барыс» - «Амур» матчынан кейін (0:2) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

DSC_9748.JPG

Андрей Мартемьянов, «Амурдың» бас жаттықтырушысы

- Біріншіден, мен екі қақпашының да ойынын атап өткім келеді. Олар жақсы ойнады. Матч бойынша айтарым: бірінші кезеңде, әрине, «Амур» жақсырақ ойнады. Екінші кезеңде керісінше «Барыс» қызығырақ ойнады. Ойынның әр сәтінде барынша ден қойып ойнау керек болды. «Барыс» командасы екінші кезеңде шабуылда өте жақсы, сапалы ойын көрсетті. Үшінші кезеңде ойын тең болды. Осы ойында бізге жеңіске жетуге көмектескен голды соғу үшін болған аз мүмкіндікті пайдаланып қалғанымызға қуаныштымын. Бос қақпаға соғылған екінші голға келер болсақ, жігіттер қорғаныста тәп-тәуір ойнады. Тең ойын, лайық қарсыластар. Бірақ біз гол соғып, жеңдік.

- Жұптық матчтардың оң және теріс жақтары қандай?

- Жақсы жақтары да, жаман жақтары да бар. Командалар бір-бірін зерттеп, білетіні анық. Болмашы нәрселер ойын тағдырын кез-келген команданың пайдасына шешуі мүмкін. Әсіресе, қарсыласпен ойын тең өтіп жатқан кезде, осындай жұптасқан матчтарда жеңіске жету үшін сәттерді жүз пайыз пайдалану керек. Кеңес заманынан бері есімде, біз осылай жиі ойнайтынбыз. Бірінші ойында 5:1 есебімен жеңіп, екінші ойында жеңіліп жатасын. Әрине, оның өзіндік ерекшелігі бар. Ойыншылар психология тұрғысынан өзін жетілдіру керек. Жеңісті матчты ұмытып, одан әрі қиын күрес болатынына дайындалу керек.

- Дмитрий Шевченко «Амур» сапында мансабындағы ең үздік маусымын өткізіп жатқан сияқты. Оның капитан болып тағайындалуы туралы не айтасыз?

- Иә, шынымен, бұл оның ең үздік маусымы. Жігіттердің көбі қазір біздің комана сапында үздік маусымын өткізіп жатыр: Барулин, Коршков және тағы бірнеше ойыншы. Бірақ бұл әрі қарай да солай болады деген сөз емес, қашанда өзін жетілдіру керек. Ал капитан етіп таңдау туралы айтатын болсақ, біздің капитан Евгений Грачев жарақат алып, капитан белгісін Димаға берді. Дима барын салып жүр, жарады.

DSC_9758.JPG

Олег Болякин, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы

- Ең алдымен, бізге жанкүйер болып, команданы қолдайтын жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді. Тең ойын болды және тәжірибелі ойыншыларымыз жеңіліске әкеліп соқтырған тектен-текке ойыннан қуылды. Қайта бүгін жастардың керемет ойнағаны қуантпай қоймады. Бүгін біздің сапымызда Қазақстан құрамасының 13 ойыншысы болды. Жігіттер гол соғуға болатын қауіпті сәттерді көптеп жасады, алайда ол сәттерді голға ұластыра алмадық. Әрине бұл көңілге кірбің түсірді.


- «Амур» командасының жаттықтырушысы қорғаныс шебіндегі ойынымызды атап өтті. Бүгін батылдау ойнады ма?

- Қақпашылар жақсы ойнады, қорғаныс шебіндегі ойыншылар да жақсы ойнады. Негізінде, менің ойыншыларға қатысты айтар шағымым жоқ. Олар қолдарынан келгенін жасады. Мен жігіттер барын салып ойнап жатыр деп айта аламын. Ротация жоқ десе де болады, біреуге демалыс беретін мүмкіндік жоқ. Жарақат алған Рудольф Червени шығып қалды. Қайталап айтарым, бүгін біздің жастарымыз жақсы ойнады, қарсыласты қыспаққа алды.

- Кеше ғана Дінмұхамед Қайыржан «Қар Барыстары» сапында ойнаған, бүгін «Барыс» сапында өнер көрсетіп жүр. Оны алдағы матчтарға қатыстыратын ойыңыз бар ма?

- Әрине. Бұл біздің резервіміз ғой. Сондықтан біз оларға«Қар Барыстары» сапында ойнап, тәжірибеге жинақтауға мүмкіндік беріп жатырмыз. Онда олар қажетті ойын тәжірибесін жинақтайды.

- Матчтың соңында біздің бір ойыншы қуылды, бірақ сіз қақпашыны алаң ойыншысына алмастыруды шештіңіз. Неліктен?

- Бізге ойынды құтқару керек болды, бес ойыншыға төртеу болып қарсы ойнап, гол соғу қиын. Мүмкіндіктерді біраз болсын теңестіру үшін біз қақпашыны ойыншыға алмастырып, беске бес құрамда ойнауға шешім қабылдадық.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ




Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Максим Мухаметов Барыстан кетті

new-preview
Barys

Батырлан Мұратов Барыста тағы бір маусым қалады

new-preview
Barys
Nomad

Номад пен Торпедо ойыншыларға қатысты құқықтармен алмасты