Барыс-2008 Қазақстан чемпионы атанды
20 Наурыз 2023

Барыс-2008 Қазақстан чемпионы атанды

БЖСМ

Қарағандыда 2008 жылы туған балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты «Мықтылар» тобының қорытынды туры өтті.

Рамазан Қайдаров жаттықтыратын астаналық «Барыс» 45-12 шайба айырмашылығымен барлық матчтарда сенімді жеңіске қол жеткізіп, турнир қорытындысында бірінші орын алды. Осылайша, командамыз чемпионаттың төрт турында да бірде-бір жеңіліс таппай, алтын жүлдеге қол жеткізді. «Барыс» 60 ұпай олжалады. «Астана» екінші орын иеленсе (42 ұпай), астаналық «Номад» пен қарағандылық «Юность» қоржынында 27 ұпайдан бар.

Айта кетейік, «Барыстың» үш бірдей хоккейшісі чемпионаттың үздік ойыншылары қатарынан көрінді. Арсений Кучковский чемпионаттың үздік қақпашысы, Арман Төлен үздік қорғаушысы атанды. Чемпионат қорытындысында 69 (38+31) ұпай жинаған Бексұлтан Мақыш турнирдің үздік шабуылшысы және сұрмергені атанды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3